Егер бала жатса немесе отырса, онда қолы жетер-жетпес жерге ашық түсті ойыншық қойыңыз. Бала соны алу үшін әрекет етеді.
Негізінде дені сау бала 6-7 айдан бастап еңбектеуді бастайды. Ал кейбір балалар төрт айында-ақ аударылып, артқа қарай қозғалады.
⠀
Ал кейбіреулер жасына жақындағанда бір-ақ еңбектей бастайды. Бұл үшін алаңдаудың еш қажеті жоқ. Бастысы бала еңбектеуге талпынып, қозғалыста болса болғаны деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
⠀
Баланы еңбектеуге қалай үйрету керек?
⠀
1. Кеңістікті шектемеңіз.
Бала еңбектеуді үйрену үшін кең әрі таза жер керек. Манежге салып қоймаңыз. Өз еркімен бөлмеде жүруіне жағдай жасаңыз.
⠀
2. Еденді дайындаңыз.
Еденнің үстіне кілем төсеп қойыңыз. Линолеум мен паркетте баланың аяқ-қолдары сырғанап, еңбектеуге мүмкіндігі болмайды.
⠀
3. Мақтап ынталандырып отырыңыз.
Барлық бөлмелерге бір-бір ойыншықтан немесе баланы қызықтыратын заттар қойыңыз. Бала соған жету үшін талпынады.
⠀
4. Еңбектенуге үйретіңіз.
Егер бала жатса немесе отырса, онда қолы жетер-жетпес жерге ашық түсті ойыншық қойыңыз. Бала соны алу үшін әрекет етеді.
⠀
5. Қауіпті заттарды жоғарыға қойыңыз.
Бала еңбектейтін бөлмеде артық заттардың болмағанын қадағалаңыз.
⠀
6. Балаға қалай еңбектеу керектігін көрсетіңіз.
Оның көкірегінен ұстап жоғары көтеріңіз де қозғалуға үйретіңіз. Өзіңіз де еңбектеп көсетсеңіз, бала соны қайталайды.
⠀
7. Жаттығу жасаңыз.
Балаға міндетті түрде күн сайын жаттығу жасау керек. Ол баланың бұлшық еттерін қатайтады әрі тезірақ еңбектеуге, жүгіруге үйретеді.
Келесі мақала