Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Стоматит: Ауыз,тілдің ойылуы

03.01.2020
0
Стоматит: Ауыз,тілдің ойылуы

Өзіңізді нашар сезініп, ауыз қуысында аппақ түсті кішкентай жаралардың пайда болғанын байқасаңыз, сіз стоматит ауруына шалдықтыңыз. Стоматит ауруы біртіндеп пайда болып, алдын алмаса, жедел қарқынмен асқынып кетеді. Алдымен ауыз қуысы, тіл, таңдай, еріндердің үстіне аппақ жаралар шыға бастайды. Кейін аузы ашылып, ауа, су, тағам тиген сайын аши түседі.

Стоматит қалай пайда болады? Бұл сұраққа KYN.KZ сайты жауап береді.

Әдетте, стоматит қызамық (скарлатина), қызылша (корь), авитаминоз қан және тері ауруларымен қатар келеді. Бұл жағдайда стоматит инфекциялық жолмен беріліп, жұқпалы түрде таралады.

Тұрмыстық жағдайда стоматит химиялық бұйымдарға аллергия түрінде пайда болады. Яғни, кейбір күшті химиялық заттарға адам ағзасы төтеп бере алмайды.

Сондай-ақ, қатты ыстық я суық тағамдарды көп мөлшерде пайдаланғанда, ағзаға суық тигенде, жеке бас гигиенасын сақтамағанда, тісті дұрыс тазаламағанда, тазаланбаған шемішке шаққанда, тіс щеткасын ұзақ ауыстырмағанда, антибиотикалық дәрелерді ұзақ қабылдағанда стоматиттің пайда болуы мүмкін.

Әлсіз иммунитетте ауыз қуысында көп мөлшерде болатын патогенді микроағзалар (белсенді емес) қарқынды түрде асқынып, стоматиттің пайда болуына жол ашады.

Стоматиттің алғашқы белгілері

Стоматит кезінде ауыз қуысындағы жаралар көбейіп, ас-су пайдалануға, тіс тазалауға, ауызбен терең демалуға, дәрі қабылдауға кері әсерін тигізеді. Ағза ыстығы көтеріліп, ауыз қуысында сілекей көптеп жиналады. Ерін үстіндегі жаралардың аузы ашылып, сары су ағады.

Стоматитті тұрмыстық жағдайда қалай емдеуге болады?

Стоматиттің алғашқы белгілері пайда болған кезде ауыз қуысын күнделікті қайнатылған сумен бірнеше мәрте шайып тұрыңыз. Қайнатылған суға йод,ас содасы,тұз қосуға болады.Сарымсақ бөліктерін алып, тіс иектерін, таңдай, тіл, еріндеріңізді ысқылаңыз.Жаралардың үстіне көп мөлшерде көк дәрі (зеленка) жағыңыз. Бірақ оны сілекеймен бірге жұтып қоймаңыз.Жараларға картоп тілімдерін басуға болады.Түймедақ (ромашка), жалбыз (мята), сәлбен (шалфей) т.с.с. сияқты дәрі өсімдіктерді қайнатып, суыған соң, ауыз қуысын әр екі сағат сайын шайып тұрыңыз.

Ескерту!

Стоматит кезінде шемішке шағуға, қышқылды өсімдіктерді (апельсин, лимон, анар т.б.) пайдалануға, алкогольді ішімдіктерді ішуге, қатты ыстық я суық тағамдардан дәм татуға болмайды!

Есіңізде болсын!

Стоматиттің алғашқы белгілері пайда болған сәтте-ақ, жедел түрде дәрігерге қаралған жөн. Себебі, стоматитті «қалыпты дерт» деп санауға болмайды. Стоматит өзі пайда болып, тез арада өзі жойылып кететін ауру емес. Оған салғырт қарамаған абзал. Дәрігер өз кезегінде аурудың деңгейіне байланысты ем-дом жасап, қандай дәрілерді қабылдауға болатынын айтады. Себебі, бұл аурудың асқынған деңгейінде, яғни әр кезеңінде әр түрлі дәрілер беріледі.

Сондай-ақ, стоматитті емдеумен қатар, ол аурудың алдын алуға қатысты ем шараларын жасаған жөн. Жеке бас гигиенасын сақтап, ауыз қуысын дұрыс тазалау керек. Аурудан айыққан соң, тіс щеткасы мен гигиеналық және косметикалық далаптарыңызды ауыстыруды ұмытпаңыз!

Бөлісу46Твит29
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1726 бөлісу
    Бөлісу 690 Твит 432
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1430 бөлісу
    Бөлісу 572 Твит 358
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1107 бөлісу
    Бөлісу 443 Твит 277
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    987 бөлісу
    Бөлісу 395 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    945 бөлісу
    Бөлісу 378 Твит 236
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    908 бөлісу
    Бөлісу 363 Твит 227
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    806 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 202
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    716 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты

    668 бөлісу
    Бөлісу 267 Твит 167
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.