Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Көлікке, кемеге, ұшаққа отырған кезде баланың жүрек айнуын тоқтату амалдары

Дәрігер:Бала көлікте жүрегі айнып отырса, су қолыңызбен алақанын, құлағын, мойынның артқы бөлігін сипалаңыз.

06.01.2020
0
Көлікке, кемеге, ұшаққа отырған кезде баланың жүрек айнуын тоқтату амалдары

КИНЕТОЗ — көлікте (автобус, ұшақ, кеме т.б), карусельде отырғанда баланың құсуы. Ол неден пайда болады және алдын алу жолдарын KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.

Балаларда 1-2 жас арасында вестибулярлы жүйе әлі жақсы дамымаған болады. Сол кезде жылдам болған қимылдан балада сондай жағдай жиі болады. Яғни көру жүйесі жылдам қимылды көреді, дене сезіне алмайды. Содан миға «бірдеңе дұрыс емес» деген сигнал барады. Көбінесе бұл 2-жастан кейін кетеді. Бірақ кей балаларда 10-12 жасқа дейін сақталады. Ал, сирек жағдайда, тіпті, ересек адамдарда да кездеседі.
⠀
Кинетоз белгілері қандай?
бас айналу, ауыру
көз көруі нашарлауы, заттың екі еселеніп көрінуі
тепе-теңдік сақтау бұзылысы
жүрек айну, құсу
әлсіздік, енжарлық
суық тер, жүрек соғуы жиіленуі.
⠀
Жолға шыққанда балада бұл жағдайды болдырмау немесе жеңілдету үшін:
баланы жолға шығар алдын тамақтандырмау, кем дегенде 1,5 сағат бұрын жеңіл тамақпен тамақтандыру керек.

көлік ішінде балаға сотка, планшет ойнатпаңыз
Мүмкіндік болса, жолда баланың ұйықтауына жағдай жасау, сонда бұл жағдай азаяды.
көлік терезесін ашып, таза ауа кіргізіп тұру қажет
Көлікте темекі тартпау, иістендіргіш заттар пайдаланбау керек
көлік іші тым ыстық болмасын, баланы да тым қалың киіндірмеңіз.

Балаға аздаған мөлшерде су немесе жемістен жасалған компот беріп отыруға болады.
баланың көңілін басқа заттармен, ойынмен бөліп отыру керек.
көлікте балаға ыңғайлы орын артқы, ортаңғы орын. Автокресло болса, тіпті жақсы.
Ұшақта, ыңғайлы орын қанаты жағы. Артық қимыл аздау.
Поезда терезе жағы ыңғайлы.
⠀
Жолға шығарда өзіңізбен: салафан, ылғалды, құрғақ сүлгілер, балаға артықша киім, таза су алып алыңыз.
Бала көлікте жүрегі айнып отырса, су қолыңызбен алақанын, құлағын, мойынның артқы бөлігін сипалаңыз.
Сонымен қоса, лимон қосылған су, салқын заттан балмұздақ беруге болады.
Баланың сыртта қозғалмайтын затқа қарап отырғаны жөн. Мысалы, аспанға, алыстан көрінетін жазық далаға.
Кинетозға препараттардан көбінесе берілетіні 2 жастан — Дименгидринат (драмина), авиамарин, сиэель.   «Бірақ бұл препараттардың барлығының әр адамға кері әсері бар екенін ескерсек, міндетті түрде тек дәрігеріңіздің нұсқауымен алу керек»- дейді отбасылық дәрігер Асия Ибраxимқызы

Бөлісу76Твит47
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2078 бөлісу
    Бөлісу 831 Твит 520
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2111 бөлісу
    Бөлісу 844 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    856 бөлісу
    Бөлісу 342 Твит 214
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    808 бөлісу
    Бөлісу 323 Твит 202
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    746 бөлісу
    Бөлісу 298 Твит 187
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.