Басты жаңалықтар

Құрманың жүкті әйелге пайдасы

Құрманың құрамында кездесетін химиялық зат – окситоцин, медицинада жүкті әйелдің босануын жеңілдетуші препарат ретінде қолданылады. Окситоцин – дұрысында, ми гипофизасының артқы бөлігінен бөлінетін, толғақты бастаушы, жатыр мен жамбас бұлшық еттерінің жиырылуын шақыратын гормон.

Құрманың құрамдас бөлігін 15-ке жуық тұз және минералды заттар: мыс, темір, магний, мырыш, марганец, фосфор, натрий, алюминий, кадмий, кобальт, күкірт, бор т.б. құрайды Жемістің құрамында: алмада, бананда, апельсинде жоқ 23 аминқышқылдары бар. Құрамында: А, В1, В2, В3, В6, PP дәрумендері бар. Құрманың жүкті әйелге пайдасы  туралы KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады. Жүктілік кезеңінде әйел ағзасындағы В9 (Фолиевая кислота) дәруменіне деген сұраныс екі есеге дейін артады. Сонымен қатар, В9 фолиев қышқылы – жасушалардың бөлінуі мен генетикалық құрылымының қалыптасу процесі кезінде маңызды рөл атқарады. Міне, сондықтан да құрсақтағы баланың дамуы барысында ананың ағзасы бұл дәруменге жиі мұқтаждықты сезінеді. Ал, құрма дәл осы, В9 фолиев қышқылының көзі болып табылады. Ғылыми тәжірибелер, жүктіліктің соңғы айларында құрманың жатыр бұлшық еттерін күшейтетін ынталандырушы қасиетке ие екенін дәлелдеген. ⠀ Құрманың құрамында кездесетін химиялық зат – окситоцин, медицинада жүкті әйелдің босануын жеңілдетуші препарат ретінде қолданылады. Окситоцин – дұрысында, ми гипофизасының артқы бөлігінен бөлінетін, толғақты бастаушы, жатыр мен жамбас бұлшық еттерінің жиырылуын шақыратын гормон. Ана ағзасындағы босанар алды барлық дайындық, осы гормонның ықпалымен жүзеге асады. Босану барысының сәтті өтуі үшін, жатыр бұлшық еттерінің дұрыс жиырылуы өте маңызды. Окситоцин жатыр бұлшық еттерінің жылдам жиырылуына әсер етеді. Босану процесі аяқталған соң да окситоцин ағзадағы өз жұмысын жалғастырады. Яғни, дүниеге жаңа келген сәби үшін ең маңызды саналатын ана сүтінің сүт бездерінен бөлінуін қамтамасыз етіп, механизм іспетті қызмет атқарады. ⠀ Құрманың медицина саласы үшін ашылған бұл үлкен жаңалығына қол жеткізу, тек ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері арқылы ғана мүмкін болған. Ал, бұл осыдан он төрт ғасыр бұрын Құранда, Мәриям анамызға қатысты аяттарда баян етілген! «Құрманың діңін өзіңе қарай сілкі. Саған жаңа піскен құрма түседі. /Құрмадан/ же, су іш әрі тыныштыққа бөлен!» («Мәриям» сүресі, 25-26) (толғағы келген Мәриям анамызға Алланың бұйрығы). Сондай-ақ, құрма – қатерлі ісік (рак) ауруларына қарсы заттарға бай. Адамның жүйке жүйесіне игі әсер беріп, тыныштандырады. Бауыр, ішек құрт инвазия ауруларына, терінің құрғауы, еріннің тілінуі, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы секілді жағдайларда өте пайдалы. Ол – сүйек пен тістің саулығына өте қажетті фосфорға бай. ⠀ Құрамында А витаминінің көп болуы жүйке жүйесінің, қалқанша безі мен өкпе қызметінің жақсаруына үлес қосып, күш-қуатты көтереді және терінің жаңарып отыруын қамтамасыз етеді. Құрма қан құрамындағы холестериннің деңгейін төмендетеді. Ішек қызметін қалыпқа келтіреді (іштің қатуы кезінде өте пайдалы), көз ылғалдылығының сақталуына көмектесіп, түнде көргіштігін жақсартады