Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Гемоглобиннің адам ағзасындағы қызметі мен пайдасын біле жүріңіз

Ағзада гемоглобиннің мөлшері көбейсе, төмендеп кетсе не болатынын білесіз бе?

06.01.2020
0
Гемоглобиннің адам ағзасындағы қызметі мен пайдасын біле жүріңіз
Гемоглобин — эритроциттердің немесе қанның қызыл түйіршіктерінің құрамына кіреді. Гемоглобин ақуыздар мен темірден түрады және осы ақуыздар мен темір қанға қызыл түс береді. Гемоглобин ағзаның барлық тканьдерін оттегімен қамтамасыз етеді. Ол ағзаның индекаторы болып табылады. Осындай ағза үшін маңызды рөл атқаратын гемоглобин жайында толық ақпарат легін KYN.KZ сайты ұсынады.

Гемоглобинді қалай өлшейді?Гемоглобин деңгейін қанның сараптамасы арқылы анықтайды. Қанды тамырдан немесе саусақтың ұшынан алып, зертханаға жібереді. Гемоглобиннің сараптамасы арқылы көптеген аурулар анықталады. Клиникалық сараптамада жалпы гемоглобин арқылы қаназдықты анықтайды. Қант диабетін анықтау үшін, биохимиялық сараптаманың құрамына кіретін глюкозалы гемоглобинді қолданады.

Гемоглобин жоғары болса…

Спортпен тұрақты шұғылданып, физикалық күш түскен кезде гемоглобин көтеріліп кетеді. Адамның тұрғылықты жеріне байланысты ластанған ауадан да гемоглобиннің деңгейі көтерілуі мүмкін. Экологиясы нашар аймақта көп жүргеннен де көтеріледі. Сонымен қатар темекіні көп шегетін адамдарда да гемоглобин көтеріңкі болады.

Гемоглобиннің жоғары болуы онкологиялық және қан ауруларының, сонымен қатар жүрек, өкпе жетімсіздігінің, туа біткен жүрек кемістігі сияқты тағы да басқа аурулардың белгісі болып табылады. Ақуыз деңгейінің көп болуы эритроцитоз бен қанның қоюлануында байқалады. Көптеген дәрумендердің құрамында фолий қышқылы, қанның құрамындағы темірді көтеретін В тобындағы дәрумендер болатындықтан, гемоглобин көтерілгенде дәрігердің кеңесінсіз ешқандай дәрумендер ішуге болмайды. Оны қалпына келтіру үшін дәрігер қанның ұйығыштығын жақсартып, қанды сұйылтатын дәрілер жазып беруі мүмкін.

Гемоглобин төмендесе…

Эритроциттерді жасап шығаратын заттардың жетіспеуінен гемоглобин төмендейді. Гемоглобиннің төмендеуі қаназдықтың ұлғаюына себеп болады. Гемоглобині төмендеген адам тез шаршап, бозарып, терісі құрғайды. Үнемі басы ауырып, шашы түсе бастайды, ұйқысыздық пайда болады. Адам ағзасына В дәрумені мен фоли қышқылының жетіспеуі гемоглобиннің темендеуіне әсер етеді. Гемоглобиннің төмен болуы көптеген аурулардың белгісін білдіреді. Темір мен басқада қоректі заттардың қажеттілігінің ұлғаюына байланысты жүкті әйелдерде гемоглобин төмендеп кетеді.

Гемоглобинді көтеру үшін:

Гемоглобинді көтеруге арналған дәрілерді тек дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек. Оларға құрамында темірі бар дәрілер жатады. Құрамында гемоглобинді көтеретін заттары бар тағамдар балалардың гемоглобинін көтеретін бірден бір дәрілік зат болып табылады. Темір мен дәрумендердің жетіспеуі баланың ақыл ойының дамуына кері әсер етеді. Гемоглобині төмен балалардың түрі солыңқы болады, сабақ үлгерімі нашарлайды, физикалық белсендігі төмендейді. Гемоглобинді көтеретін тағамдарға мыналарға жатады: сиырдың бауыры, қарақұмық ботқасы, жасыл түсті жемістер, анар, алма, шабдалы, нан. Олардан өзге құрамында кальциі бар тағамдарды да қолданған дұрыс. Сүт өнімдерін аз тұтыну керек немесе тоқтата тұрған дұрыс.

Темірдің сіңуін бәсеңдететін болғандықтан, гемоглобині төмен адамдарға кофе, шай ішуге болмайды. Ал аскорбин қышқылы (С дәрумені) қандағы ақуыздың көтерілуіне жақсы әсер етеді. Сондықтан апельсин немесе қызанақ шырынын ішіңіз және балғын лимон шырыны мен орамжапырақ, тәтті бұрыш, пияз бен көк-сөктерді күнделікті ас мәзіріне қоссаңыз дұрыс.

Халық емі бойынша…

1. Тазартылған 1 стақан грек жаңғағы мен 1 стақан шикі қарақұмықты кофетартқышпен ұнтақтап, күнде 1-2 ас қасықтан қолдану керек.

2. 1 стақан қарақұмықты тазалап жуып, 1 стақан айран құйып, 12 сағат тұндырып, қажетінше қолдануға болады.

3. Мейізді, жаңғақты, кептірілген өрікті ұсақтап турап, балмен араластырып, күнде бирнеше ас қасықтан жеп тұру керек. Бұл тек гемоглобинді көтеріп қоймайды, сонымен қатар ағзаңызды басқа минералды заттармен толтыруға септігін тигізеді.

Гемоглобинді түсіру үшін:

Гемоглобинді түсіру үшін түрлі ботқалар мен жеміс-жидектерді шикідей немесе бұқтырып жеу керек. Тамақпен бірге балғын салаттарды да қолдануға болады. Қызыл түсті жеміс-жидектер гемоглобинді көтеретін болғандықтан, оларды гемоглобині жоғары адамға жеуге болмайды. Гемоглобинді түсірудің тағы бір халық емі – сүлікті қолдану болып табылады. Сүлік ерте кезден түрлі ауруларға ем. Сонымен қатар сүлік қан құрамын реттеп, гемоглобинді қалпына келтіреді. Сонымен қатар шынығып, салауатты өмір салтын ұстану керек.

Бөлісу23Твит14
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3908 бөлісу
    Бөлісу 1563 Твит 977
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4843 бөлісу
    Бөлісу 1937 Твит 1211
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2130 бөлісу
    Бөлісу 852 Твит 533
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1708 бөлісу
    Бөлісу 683 Твит 427
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1592 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1462 бөлісу
    Бөлісу 585 Твит 366
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2125 бөлісу
    Бөлісу 850 Твит 531
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1294 бөлісу
    Бөлісу 518 Твит 324
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.