Кір сабын бет терісіне зиян
Сабынмен оның ішінде кір сабынмен бетті жууға болмайды
Адам бет терісі - құрғақ, майлы, орташа типте болсада, қандай типте болса да, өзінің Ph қабаты болады. Яғни, беттің өзінің қорғаушы қасиеті болады. Мысалы, шаң-тозаңнан қорғау, беттің әжім болуынан қорғау .т.б. Кір сабынның бет терісіне зиянды тұстарын KYN.KZ сайты ашып көрсетеді. Сабын - микробты өлтіруші құрал. Оның құрамындағы "щелочь" (қазақша - сілті) беттің құрамын бұзады. Егер күнделікті бетті сабынмен, оның ішінде кір сабынмен жуатын болса - белгілі бір уақыттан соң беттің мен айтқан Қорғауыш қабаты бұзылады. Бұзылады деген сөз - адамның беті құрғап, ерте әжім түсіп, айналадағы лас ауамен, зиянды нәрселерден қорғай алмайтын болады. Кір сабын - беттің табиғи майлылығын жояды. Ол бетке зиян. Сонымен қатар, дене терісі мен бас терісін де сабынмен жууға болмайды. Арнайы гель, шампуньмен жуу керек. Егер безеуді қатты кетіргің келсе - барлық бетке емес, бір ғана безеудің үстіне кішкентай етіп жағуға болады. Бетке емес, кішкентай безеуге ғана, Онда да абай болу керек. Көп адамдар сұрауы мүмкін, неге бұрын біздің әжелеріміз сонымен бетін, шашын жуып, толықтай жуынды??? Өйткені, ол кезде одан басқа ештене болмады. Қазір, Құдайға шүкір, бетке де, шашқа да, денеге де арнайы жасалған гельдер көп. Бірақ сол кездегі әжелер шетелдегі қарт адамдарға қарағанда, өз жасынан ұзақы көрінеді екен. Күнделікті бетін кір сабынмен жуатын адам беті, егер 20жастан бастап жуа бастаса - 25 жасқа келгенде жасы 30-35 жастағы адамның беті секілді болады. Терісі салбырап, құрғап, әжім басады. Кімде-кім осындай нәрселерден қорықпаса, өздерін аямаса - кір сабынмен жуа беріңдер. Бұл айтып отырғанымның бәрі - косметологтардың нағыз кеңесі. Ол баяғыда дәлелденген. Ал сабынның одан басқа денсаулыққа зияны жоқ. Дұрысы, кір сабынды үй қызметіне қолданған жақсы.