Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бұйра шашқа арналған күтім

Бұйра шашқа арналған күтім
ашық дереккөз
Түзу шаштарға қарағанда бұйра шашқа ерекше күтім жасау керек екен. Әдетте бұйра шаштар жұқа, толқынды және тез сынғыш болады.
Түзу шаштарға қарағанда бұйра шашқа ерекше күтім жасау керек екен. Әдетте бұйра шаштар жұқа, толқынды және тез сынғыш болады. Бұйра шаштар жұмсақ, толқынды болуы мүмкін немесе керісінше құрғақ, қатты болуы мүмкін. Әр шаш терісі әртүрлі. Бүгінгі материалымызды KYN.KZ сайты бұйра шашқа қалай күтім жасау керек екенін назарларыңызға ұсынады. Ең бірінші айта кететін жайт, бұйра шашты жиі жууға болмайды. Негізінде, мүмкіндігінше аптасына 2рет жуған жөн. Жиі жуу - шаштың майлы қабатына зиянын келтіреді. Ал бұйра шашта майлы қабаты түзу шашқа қарағанда өзгеше болады. Егер қандай да бір шаш сән үлгісін немесе укладка жасау кезінде шашты жумай жасалмайтын болса, жуудың орнына бальзам, гель секілді шашқа арналған арнайы құралдарды қолданған жақсы. Екінші назар аударатын жайт, шашты жуатын шампунь таңдау мәселесі. Әр адамның шаш терісі әртүрлі, дегенмен көп бұйра шаштар құрғақ типті болады екен. Мұндай жағдайда шашты ылғалдандыратын, жұмсартатын, құрғақ шаштарға арналған шампунь түрімен жуған жөн. Міндетті түрде шампуньнан соң, кондиционер қолданыңыз. Ол шашты керемет жұмсартады. Кондиционер немесе бальзам түрлері бұйра шаштар үшін пайдалы. Солардың арқасында бұйра шаш өз құрамын сақтап қалады. Және шаштың жеңіл, тез таралуына көмектеседі. Аптасына бір рет шашқа арналған маска қолдану - шаштың жұмсақ, сау болуына пайдасы мол. Шашты кептіру кезінде орамалмен қатты сүртпей, жеңіл кептірген жөн. Және мүмкіндігінше фен қолданбауға тырысыңыз. Түзеткенде утюжокты көп қолданбаған жөн. Мусс, гель арқылы "ылғал шаш" эффектісін жасауға болады...
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар