Жаз бойы жүзімізді күн қағып, көпшілігіміздің қарайып кеткеніміз жасырын емес. Осындайда үй жағдайында ағарудың да түрлі жолдары бар.
Бетті ағарту терінің түсін біркелкі етіп, пигменттік дақтардан арылуға және сепкілдерге ашық рең беріп, шаршаудан, стресстен, тітіркенуден және аллергиядан пайда болатын дақтарды кетіруге көмектеседі. Соған орай KYN.KZ сайты сыртқы келбетімізге күтім жасау үшін өзімізге бірнеше минут бөліп, терімізді күтілген және әдемі етудің жолдарын ұсынады.
1.Қиярмен бетті ағарту маскасы. Қиярды тазалап, үккіштен өткіземіз. Қиярдың ортасындағы жұмсақ жерінен алып, шай қасық лимон шырыны мен жарты ас қасық қаймақ қосып, араластырамыз. Дайын болған масканы бетке жағып, 15минутқа қалдырып, бетті жуамыз.
2.Сүт өнімімен бетті ағарту маскасы. Айранды балмен араластырып, жағып, 15 минутқа қалдырасыз да, жуып тастайсыз.
3.Лимон және қаймақпен бетті ағарту маскасы. Қою қаймаққа 1 ас қасық лимон шырынын қосамыз. Араластырып, бетке жағып, 15минуттан соң сумен жуамыз.
4.Күріш арқылы маска жасау. Күрішті жұмсақ болғанша қайнатып, дайын болған соң, суытамыз. Сосын бетке жағуға болады. Немесе мұз формасына дайын болған күрішті салып, қатырып, мұз ретіндегі күрішпен бетті сүртуге болады. Бұдан соң міндетті түрде крем жағу қажет.
Маска түрлерін аптасына бір рет жасаған жөн.
Бетті ағарту үшін, әдемі, тегіс болуы үшін тек маска жасау жеткіліксіз. Ең бірінші, өз теріңіздің типіне байланысты құрал түрін таңдап, күтім жасауды ұсынар едім. Өйткені, бетті тек сумен жуу - беттің әдемі, тегіс болуына кепілдік бермейді. Ал, сабынмен жуу-бетке зиян екенін білеміз. Сондықтан бетке арналған арнайы құралдар сабын орнына қолданылып, беттің әдемі болуына көмектеседі.
Содан соң ғана маска жасау- керемет көмектеседі. Және айта кететін жайт - күнге шыққанда күннен қорғайтын крем немесе арнайы крем немесе тоналды крем жағатын болсаңыз, құрамында күннен қорғайтын элементі бар тоналды кремін жаққан жөн. Әйтпесе, үйде жаққан маска - күннің әсерінен қорғамайды бетті.
Тіптен, бетіңізге бояу жағып, косметика қолданбасаңыз да, бет күтімін ерте жастан бастау - өсе келе беттің әдемі, тегіс, аппақ болуына көп көмектеседі.
Келесі мақала