Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Үй жағдайында жасалатын маска:Картоптың сұлулыққа тигізер пайдасы зор

Картоп арзан әрі адам терісіне өте пайдалы дәрумендерге бай

08.01.2020
0
Үй жағдайында жасалатын маска:Картоптың сұлулыққа тигізер пайдасы зор

Картоп арзан әрі қолжетімді көкөністердің бірі. Арзан болғанымен оның қабығының астында пайдалы заттар көп екенін де біліп жүрейік. Қарапайым картопты үй жағдайында косметикалық құрал ретінде пайдаланудың жолдарын KYN.KZ сайты ұсынады.

Көз
Қияр кесектерін қою арқылы көз ісінуін кетіруге болатынын білеміз. Картопты да сол мақсатта пайдалануға болады. Картопты жіңішке етіп тураңыз немесе үккіштен өткізіп, дәкеге салып, көзде 10-15 минут шамасында ұстаңыз. Уақыт өткен соң бетіңізді жылы сумен жуып тастаңыз.

Тері
Теріге безеу шығып кетсе, оны үш күн қатарынан картоп сусынымен сүртіңіз. Картоп сусыны күнге қатты күйген терінің ашығанын басуға да көмектеседі. Картопты қайнатқан суды суытып, оны бет жууға арналған тоник ретінде қолдануға болады. Мұндай тоникті тоңазытқышқа қою қажет және 2-3 күннен артық сақтауға болмайды.

Шаш
Егер шаш түсін қарайтқыңыз келсе, картоп қабығынан дайындалатын шаюға арналған сұйықтық дайындаңыз. Жуылған ірі картоптың қабығын және бір анар қабығын ыдысқа салыңыз. Қабықты жауып тұратын етіп су құйыңыз. Қайнатыңыз, одан соң оттан алып, суытыңыз. Суын сүзіп алып, шашыңызды сусабынмен жуып болғаннан кейін, жаңағы сұйықтықпен шайыңыз. Нәтижесінде шашыңыз табиғи түсіне қарағанда аздап қарайғанын байқайсыз.

Шағу және күйік
Картоп жәндік шаққанда немесе кішігірім күйіктен пайда болатын ауруды басуға көмектеседі. Шикі картоп кесіндісін ауырып тұрған жерге 5 минутқа басыңыз.

Есіңізде болсын, егер теріні күйдіріп алсаңыз, зақымданған жерді алдымен салқындату керек. Күйген жерді краннан аққан өте суық суға ұстаңыз немесе 10 минут шамасында мұз басыңыз. Суықтың тарау жылдамдығы жылудың тарау жылдамдығынан аз. Сондықтан 1 секундта күйдіріп алған жеріңізді 10 минут салқындату қажет. Күйген жерге түрлі май мен крем қолданудың қажеті жоқ.

Шаршаған жағдайда
Картоп қайнатқан суды бөлме температурасында суытып алыңыз. Содан соң суыған суды легенге құйып алып, шаршап тұрған аяғыңызды 20 минут шамасында салып жатыңыз. Сонымен қатар картоп қайнаған суда болатын крахмал аяқ жараларының тез жазылуына да көмектеседі.

Бөлісу11Твит7
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1727 бөлісу
    Бөлісу 691 Твит 432
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1434 бөлісу
    Бөлісу 574 Твит 359
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1110 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    988 бөлісу
    Бөлісу 395 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    948 бөлісу
    Бөлісу 379 Твит 237
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    911 бөлісу
    Бөлісу 364 Твит 228
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    807 бөлісу
    Бөлісу 323 Твит 202
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    716 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты

    670 бөлісу
    Бөлісу 268 Твит 168
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.