Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қиярдан жасалатын маска түрлері

 Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір, фосфор болғандықтан, әжіммен күресте тез әрі жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар беттегі дақ пен безеуден арылтады

07.01.2020
0
Қиярдан жасалатын маска түрлері
Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір, фосфор болғандықтан, әжіммен күресте тез әрі жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар беттегі дақ пен безеуден арылтады. Қиярдан жасалатын маска түрлерін үй жағдайында жасауға болатын түрлерін KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.

1. Майлы теріге арналған маска. Орташа бір қияр мен алманы үккіштен өткізіп, дайын қоспаны бетте 30 минут ұстайды. Мұны аптасына 2 рет жасаса, тері өңі жақсарады.

2. Дақты кетіруге арналған маска. Үккіштен өткізілген қиярды лимон шырынымен араластырады. 15 минуттан соң жылы сумен бетті шаяды. Маскадан соң бетке нәрлендіретін крем жағуды ұмытпаңыз. Қияр мен лимон шырынына дәкені малып, оны бетте ұстауға да болады. Бұл тәсіл бетті ағартып қана қоймай, теріні керемет сергітеді.

3.  Құрғақ теріге арналған маска. Қиярды үккіштен өткізіп, ботқа дайындайды. Оны 1 ас қасық қаймақпен араластырып, бетте 15 минус ұстайды да жылы сумен жуып тастайды. Аптасына 2 рет қайталаңыз.

4.  Әжімнен қорғайтын маска. Қияр мен картопты үккіштен өткізіп араластырады. 15 минуттан соң масканы салқын сумен жуып тастайды. Сонымен қатар, қиярды мұздатқышта қатырып, содан соң жылытады. Дөңгелек етіп кесіп, оны бетке қояды. Бұл әжіммен күресуге арналған пайдалы тәсілдердің бірі.

5.  Қияр қабығынан жасалатын маска. Қиярды жақсылап тазалап жуады. Қабығын кесіп, бетке жабыстырады. Сыртынан дымқыл дәке жабады. Қабықты 2-5 см алшақ орналастырады. Бірақ біраз уақытқа дейін бетті жумайды. Себебі көкөніс құрамындағы пайдалы заттар бет терісіне жақсылап сіңгені дұрыс.

6.  Қияр шырынынан лосьон дайындау. Қиярды үккіштен өткізіп, шырынын сығып алады да, сонымен бірдей мөлшердегі спиртпен араластырады. Тұнбаны 3-4 сағат тұрған соң ғана пайдалануға болады. Бұл лосьон әсіресе майлы бетті тазалауға жақсы әсері бар.

7. Қиярға сүт қосып дайындалатын тазалағыш қоспа. Стақанның жартысына дейін сүт құйып, өте жұқа етіп кесілген қиярды салады. Бірнеше сағат өткен соң мұнымен бетті сүртуге болады. Құрғақ бетке арналған бұл тазалағышпен бетті күніне 2-3 рет сүртеді. Қоспаны 2-3 тәуліктен артық тоңазытқышта сақтауға болмайды.

Бөлісу17Твит11
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    858 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 215
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.