Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Баланың бірінші тісі қай кезде өседі?

әби алғашқы тістері шыққанда мазасызданады. Ыстығы көтеріліп, жүрегі айнып, тамаққа тәбеті тартпайды. Негізінен ағзасындағы өзгерістердің орын алуынан болатын бұл аурулар қалыпты жағдай саналады.

08.01.2020
0
Баланың бірінші тісі қай кезде өседі?

Бала тісінің негізі құрсақта жатқанда қалана басталады. Бала туылғанда сүт тістері мен тұрақты тістерінің негізімен туылады. Бірақ әр балада тіс әртүрлі уақытта жарып шығады. «Баланың тісі шығуы туралы не білуіміз керек?» — деген сұраққа KYN.KZ сайты жауап береді.

Тіс қай уақыт аралығында шығады?

Сәби тісінің шығу уақыты 6 ай мен 2 жас аралығы болып саналады. Бірақ соңғы кездері сәбилерде тістің 4 ай мен 2,5 жас аралығында жарып шығуы байқалады. Сондықтан егер балаңыздың алғашқы тісі 5-6 айдан бұрын шықса, ол патология болып саналмайды. Сол секілді егер балаңыз 2-ге толғанда кей жерлерде жазатындай оның 22 тісі түгел болмаса, ол да патология болып есептелмейді. Себебі кей балалардың барлық тісі 2,5-3 жасқа дейін шығып бітеді. Бұл қалыпты жағдайға жатады. Ата-ана тек мына жағдайларда баланың тісіне мән беріп, тіс дәрігеріне көрсету керек:

– тістің пішінінің бұзылуы;

– тістің қалыпты емес жерде өсуі;

– тіс эмалінің түстік гаммасының өзгеруі;

Тіс жару кезіндегі алғашқы белгілер:

Тіс көзге көрінгенге дейін әлдеқайда ерте шыға бастайды. Тіс қызыл иектің жұмсақ тінінен өте бастағандағы уақыт бала үшін ең ауыратын кезең болып табылады. Осы жағдай баланы ауыртады. Бала мазасыз бола түседі.

Егер тіс етіне қарасаңыз, ол қалыпты жағдайдан сәл үлкейе түседі және аздап қызарады. Бала қолына түскеннің бәрін аузына сала береді.

Тіс жарған кезде балада көп сілекей ағуы мүмкін. Бұл тіс етінің жұмсақ тінінің зақымдалуымен байланысты.

Аналардың көпшілігі балада тіс жару кезінде тұмау болатынын да айтады. Жұқпа әсерінен пайда болған тұмау мен тіс жару кезіндегі мұрыннан су ағуды айыра білу керек. Тіс жару кезінде мұрыннан түссіз сұйық су ағады, бұл кезде баланы дәрімен емдеудің қажеті жоқ. Бастысы, гигиенаны сақтап, мұрнын уақытылы дәкемен құрғатып отырыңыз.

Тіс жару кезінде температура болады, бірақ ереже бойынша сәбиде жоғары температура болмауы керек: ол 37,5-38 °C градустан аспайды.

Баланың тіс жаруы кезінде күнделіктіге қарағанда көбірек сілекей жұтатындықтан бала үлкен дәретке жиі бара түседі. Ол жағдайда бала емдеуді қажет етпейді. Бірақ егер бала үлкен дәретке күніне 5-6 реттен артық барса, баланы дәрігерге көрсету керек.

Бөлісу21Твит13
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3930 бөлісу
    Бөлісу 1572 Твит 983
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4845 бөлісу
    Бөлісу 1938 Твит 1211
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2133 бөлісу
    Бөлісу 853 Твит 533
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1717 бөлісу
    Бөлісу 687 Твит 429
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1592 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1474 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2126 бөлісу
    Бөлісу 850 Твит 532
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1299 бөлісу
    Бөлісу 520 Твит 325
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.