Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қылығына қарап баланың не себепті жылап жатқанын анықтау тәсілдері бар

Балаға алғашқы айдан бастап қаншалықты жақын болсаңыз, оның не себептен жылап тұрғанын соншалықты тез ұғынып, тез жұбата алатын боласыз.

11.01.2020
0
Қылығына қарап баланың не себепті жылап жатқанын анықтау тәсілдері бар

 Баланың жылауының қашан да себебі болады. Мейлі ол қарын ашу болсын немесе өзіне назар аударту болсын. Төменде бала жылауының бірнеше себебі және оны қалай жұбатуға болатыны келтірілген. Сәбилер көптеген себептермен жылайды.

Сәбилердің жылау себептерінің кең тараған алты түрі, сондай-ақ баланы қалай тез тыныштандыруға болатындығы жайында KYN.KZ сайтынан біліп алыңыз.

1. Бала қуатты

Таң қаларлық жайт, бірақ бала бойында күш-қуат көп жиналса, оны жылау арқылы шығаруы мүмкін. Бала тоқ және жайлы отырса да, оның белгілі бір уақытта мазасыз болып кеткенін байқаған боларсыз.

Егер осындай эмоциялық ашу үстінде бала сергек көрінсе немесе шамалы уақытқа ұйықтап қалса, онда бұл баланың бойындағы артық қуатты шығарғаны деп білерсіз.

Өкінішке орай, бала қуатты шығару мақсатында жылаған кезде жұбату оңай емес.

Бірақ қапа болмаңыз: егер бала артық энергияны шығару үшін жылайтын болса, шамалыдан кейін өз қалпына келеді.

2. Аш бала

Қарны аш баланың жылауын басқа жылаудан ажыратып алуға болады. Ашыққан баланың даусы бәсең және қысқа болады, бір көтеріліп, бір түседі. Егер жылау дәл осындай болса, оған тамақ беріп көріңіз.

3. Бала риза емес

Егер баланың жылау үзік-үзік естілсе, демек ол бірдеңеге ренжіген. Оны басқаша отырғызып көріңіз немесе жатқан болса, қолыңызға алып көріңіз. Жатқан күйін өзгерту кейде жылауды тоқтатуға себеп бола алады.

4. Баланың бір жері ауырып тұр

Ұзақ тоқтап қалып, тұйық ыңырсумен ілесетін аяқ астынан қатты жылау баланың ауырсынып жатқандығын білдіреді. Егер осындай жылауды естіген болсаңыз, жайсыздық неден болып тұрғанын анықтаңыз.

5. Бала өзін тыныштықта қалдырғанын қалайды

Балаңыз тәтті, сондықтан Сіз оны құшақтап, сүйіп, айналдыра бергіңіз келеді. «Маған тыныштық беріңіздерші» деп жылаған даусы, аш баланың жылағанына ұқсайды. Сіз тамақтандырып болғаннан кейін де, ол қысқа және бәсең дауыспен жылай беретін болса, бір өзін қалдырып көріңіз.

6. Желденген бала

Сағат 18.00 бастап түннің бір уағына дейін балаңыздың тұрақты түрде мазасызданғаны байқалатын болса, оның іші желденіп қалуы мүмкін.

Іші түйіліп ауыратын балалардың 20% күндіз қатты және тоқтаусыз жылап, аяқтарын созып, ішіндегі желді шығарады.

Өкінішке орай, бұны нақты түсіндіруге болмайды. Егер балаңыз желденіп қалған деп ойласаңыз, (егер баланы емізетін болсаңыз) желденуді тудыратын сүт өнімдері, кофеин, жуа секілді тамақтарды рационнан шығарып тастаңыз.

Кейде емізік те жеңілдік алып келеді. Сондай-ақ, баланы құндақтап, ішімен жазқызып, арқасын сипалап, ауруды жеңілдетуге болады.

Егер ештеңе көмектеспей жатса, педиатрға көрсетіңіз. Жылап жатқан баланы тыныштандыру үшін келесіні жасап көруге болады:

• Тербеу
• Құндақтау
• Машинамен жол жүру
• Ырғақтық шу немесе діріл
• Жылы ванна
• Кекірту

Бөлісу11Твит7
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2082 бөлісу
    Бөлісу 833 Твит 521
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2112 бөлісу
    Бөлісу 845 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1191 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 298
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    809 бөлісу
    Бөлісу 324 Твит 202
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    750 бөлісу
    Бөлісу 300 Твит 188
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.