Четверг, 1 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Баланың зейінін дамытуға арналған жаттығулар

Балаға қарама-қарсы тұрып, әртүрлі қимыл-қозғалыстар көрсетіңіз. Ол – «айна», сол қимылдарды қайталауы тиіс.

12.01.2020
0
Баланың зейінін дамытуға арналған жаттығулар

Aта-аналар жиі шағымданады: «Баламыз алаңғасар – бір орында 5 минут та байыз тауып отыра алмайды, балабақшада да сабақта жиі көңілі бөлініп, тіпті қысқа ертегіні де аяғына дейін тыңдай алмайды». Дәл осы зейін қою мәселесі көп жағдайда баланың ерте балалық, бала-бақша және мектеп жасында дамуы қалай жүретінін анықтайды.

Зейін сапасы өзгермелі. Мысалы, үрейленгенде немесе шаршағанда зейін қою қабілеті төмендейді, қабылданатын ақпарат көлемі тарылады. Бірақ, зейінді мақсатты түрде дамыту керек. KYN.KZ сайты ұсынған төмендегі ойын-жаттығулар балаларыңызға осы істе көмекші болады.

1. БӘРІН БАЙҚАУ (ЕЛЕУ)
Бір қатарға 5-7 (ең көбі — 10) зат немесе сурет орналастырып, оларды жауып қойыңыз. Заттарды 10 секундқа ашып, қайта жабыңыз да, балаларға есінде қалған барлық заттарды атауын ұсыныңыз. Заттарды қайтадан 8-10 секундқа ашып, балалардан заттардың қандай ретпен орналасқанын сұраңыз. Кез-келген екі заттың орындарын ауыстырып, барлық заттарды қайтадан 10 секундқа көрсетіңіз. Балалардан қандай заттарды орны ауысқанын сұраңыз. Заттарға қарамай, әр заттың түсін айтып беруді сұраңыз.

2. ҮЗДІКСІЗ ІЗДЕ (ІЗДЕУ)
10-15 секунд бойы балаға айналасынан түсі (өлшемі, пішіні, материалы және т.с.с.) бірдей мейлінше көп зат табуды ұсыныңыз.

3. ЗАТ ІЗДЕУ
Ойынға қатысатын балалар бөлмеден шығады. Осы уақытта кішкентай бір затты (сақина, өшіргіш) көрінетін жерге қойыңыз. Балалар бөлмеге кезектесіп кіреді; оларға бөлмені бір айналып шығып, қандай жаңа зат пайда болғанын атауға мүмкіндік беріледі. Тапсырманы орындай алмаған бала айып ұпаймен келесі айналымға өтеді.

4. КІМ БӘРІНЕН МҰҚИЯТ
Баланы теріс қаратып тұрып, өз киіміңіз немесе бөлмедегі заттар туралы сұраңыз.

5. ЗЕЙІНДІЛІК ЖӘНЕ БАЙҚАМПАЗДЫҚ
Жүргізуші сайлаңыздар. Қалған ойыншылар сол жүргізуші есте сақтауы тиіс дене қалыбын ұстайды. Артынша жүргізуші бөлмеден шығады, ал ойыншылар (өзара келісіп) киімдерінде, дене қалыптарында бірқатар өзгеріс жасайды. Кірген жүргізуші барлығын бұрынғы күйіне келтіруі тиіс. Егер жүргізуші барлық өзгерістерді тапса, ол ең байқампаз атанады.

6. АЙНА
Балаға қарама-қарсы тұрып, әртүрлі қимыл-қозғалыстар көрсетіңіз. Ол – «айна», сол қимылдарды қайталауы тиіс.

7. ҰЙЫҚЫЛЫ-ОЯУ АЙНА
Алдыңғы ойынды түрлендіріңіз, балаға «айнаның» ұйқысы қанбай қалып,барлық қимылдарды бір
қимылға кешігіп көрсететінін түсіндіріңіз.

8. ҚИМЫЛДАРДЫ ҚАЙТАЛАЙМЫЗ
Аталған ойынның тағы бір нұсқасы. Сіз қандай да бір қимылды
көрсететіз, ал балалар біреуінен немесе екеуінен басқа барлық
қимылдарды қайталайды. Мысалы, егер жүргізуші қолын жоғары көтерсе – балалар шапалақ ұруы керек; қолдары екі жаққа
созылғанда — балалар аяқтарын тыпырлатады. Кім қателессе, сол
жүргізуші атанады.

9. МӘТІННЕН ҚАТЕ ІЗДЕЙМІЗ
Бір мәтіннің екі нұсқасын дайындаңыз, екіншісіне бірнеше өзгерту енгізіңіз. Балалар қос мәтінді де оқып шыққаннан кейін, байқаған айырмашылықтарын жазып алады. Барлық өзгерістерді байқаған бала жеңімпаз атанады.

10. СУРЕТТЕРДІ САЛЫСТЫРАМЫЗ
Балаларға бір-біріне ұқсас, бірақ бірқатар өзгешеліктері бар суреттерден айырмашылықтарын табуды ұсыныңыз.

Ұсынылған ойындарды балаларыңызбен ойнағанда, рөлдерді ауыстырып отырыңыз, бала тең құқылы серіктес болуы үшін жүргізуші болып, сізге тапсырма беріп көрсін. Бала сіздің көңіл-күйіңізден бірге ойын ойнау сізге ұнайтынын сезінсін. Баланы «зейін қоюға қатысты қиындықтары болғандықтан» осы ойындарды ойнауға мәжбүрлемеңіз.

Бөлісу56Твит35
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1603 бөлісу
    Бөлісу 641 Твит 401
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1943 бөлісу
    Бөлісу 777 Твит 486
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1222 бөлісу
    Бөлісу 489 Твит 306
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    937 бөлісу
    Бөлісу 375 Твит 234
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    896 бөлісу
    Бөлісу 358 Твит 224
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    779 бөлісу
    Бөлісу 312 Твит 195
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    654 бөлісу
    Бөлісу 262 Твит 164
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    624 бөлісу
    Бөлісу 250 Твит 156
  • Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жақын арада әже атанады

    565 бөлісу
    Бөлісу 226 Твит 141
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.