Басты жаңалықтар

Балалардың тамақтанудағы мінез-құлқын қалыптастыру

Мамандардың пікірінше, тамақтанудағы мінез-құлықтың бұзылуы негізінде көбінесе қорқыныш, күйзеліс сияқты психологиялық сипаттағы мәселелер жатады, олардың туындауы ата-ананың, құрдастардың, бұқаралық ақпарат құралдарының теріс әсерімен байланысты.

Адамның тамақтанудағы мінез-құлқы – тамақтануға қатысты әдеттердің және әрекет ету тәсілдерінің жиынтығы. Оған тамақ талғау, емдәмдік тамақтану (диета), тамақтану тәртібі кіреді. Тамақтанудағы мінез-құлық адамның өмірі бойында мәдени, әлеуметтік, отбасылық,  биологиялық факторлар әсерімен қалыптасады. Дұрыс тамақтану мықты денсаулықтың және сәйкесінше, өмір сапасының кепілі болып табылады. Екі жастан бастап-ақ, бала алғашқы тамақтану әдеттерін иелене бастайды, атап айтқанда, екі жастан бес жасқа дейін ол тамаққа қатысты тым талғампаз болады. Ерте жастан бастап тамақтануда қалаулар, тамақтануға қатысты мінез-құлық қалыптасады. Көп жағдайда баланың тамақтану мінез-құлқындағы бұзылушылықтар үшін ата-ана жауапты. Баланың тамақтанудағы мінез-құлқын қалыптастыру барысында қате жіберу мүмкіндіктері – орасан зор, олар ата-аналарды әр қадам басқан сайын аңдып тұрады. KYN.KZ сайты тамақтануда бұрыс мінез-құлық қалыптастыру қауіп-қатерінің тууына ықпал ететін кейбір негізгі факторларды атап көрседі. 1. Үлгі болу. 4 жасқа дейінгі кезеңге дейін аталмыш факторлар арасында бас орынды отбасы ықпалы, ең бірінше кезекте, ананың ықпалы иеленеді. Ананың қандай да бір азық-түлік өніміне эмоционалдық, сондай-ақ, рационалдық көзқарасы көбінесе баласының осындай тағам түріне көзқарасын анықтайды. 2. Балалар әсерге берілгіш, тым сенгіш және иланғыш. Сондықтан, егер отбасының ересек мүшелері әңгімелерінде «бала ештеңе жемейді, аз тамақтанады», «көкөністер жегенді ұнатпайды» дей беретін болса, олар баланы тамақтануда тым талғампаз болуға өздері итермелейді, ал бұл оның тәбетіне теріс әсер етеді. 3. Балаға өз басындағы мәселелерді артып қою. Өкінішке орай, тұрмыста жиі орын алып тұратын келесі жағдайды басқаша атауға келмейді: бала орындықта отыр, жанында анасы қолына тәрелкені алып, баланың аузына мейлінше көп ботқа салып жіберуге тырысып отыр, әрі бұл әрекетін бір жаққа асығып бара жатқандай, балақайды қайта-қайта асықтырып жасайды. Бала қақалады, шашалады, анасының жылдамдығына ілесе алмайды, анасы, сәйкесінше, ашуланады, баласының қажеттіліктеріне мұқият болудан қалады. Тамақтандыруды бар ынтамен дайындалған ботқаның немесе езбенің қажетті көлемін балаға жегізу мақсатын орындау деп қабылдамаған өте маңызды. Кейде тіпті анасы баласын езбе жемей қойғаны үшін ұрып-соғатын да жағдайлар кездеседі, себебі, тамақты қоқысқа тастайтынына кейиді 4. Балаларды шамадан тыс тамақтандыру бірқатар жағымсыз салдарға алып келуі ықтимал: шапшаң (құсу, іш кебуі) және кейінгі қалдырылған (анорексия (тәбетсіздік), булимия (мешкейлік), семіру, жүйке жүйесінің бұзылушылықтары, ішек құрылысының аурулары). 5.Осы санатқа, сондай-ақ, өз баласын құрбыларымен және таныстарымен сөйлескенде мақтаныш көзі ретінде бағалау кіреді. Балақай көрші Арманның саумалдықты сүйіп жейтіні, ал кішкентай Жанар – нағыз тілалғыш, аузына тосқанның барлығын жейтіні үшін өз денсаулығын және тыныштығын құрбан етуге міндетті емес. Ата-аналар балаларының тамақтану мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды қалай байқай алады? Тамақтанудағы мінез-құлқында бар қиындықтардың жанама себептеріне келесілер жатқызылуы мүмкін: - селқостық; - ұйқышылдық; - ойындарға қызығушылықтың жоғалуы; - құрдастармен қарым-қатынастардағы қиындықтар (құрдастары баланың артық немесе жеткіліксіз салмағына қатысты кемсітуі, мұқатуы мүмкін); - мектепке бутерброд апарудан бас тарту; - үлгерімнің төмендеуі; - тамақтану барысында және басқа да жағдайларда баланың ашуға бой алдыруы; - туған күн немесе басқа да мейрамдарға баруды қаламау; - тамақты өзін мәжбүрлеп ішу.