Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Балалардың тамақтанудағы мінез-құлқын қалыптастыру

Мамандардың пікірінше, тамақтанудағы мінез-құлықтың бұзылуы негізінде көбінесе қорқыныш, күйзеліс сияқты психологиялық сипаттағы мәселелер жатады, олардың туындауы ата-ананың, құрдастардың, бұқаралық ақпарат құралдарының теріс әсерімен байланысты.

16.01.2020
0
Балалардың тамақтанудағы мінез-құлқын қалыптастыру

Адамның тамақтанудағы мінез-құлқы – тамақтануға қатысты әдеттердің және әрекет ету тәсілдерінің жиынтығы. Оған тамақ талғау, емдәмдік тамақтану (диета), тамақтану тәртібі кіреді. Тамақтанудағы мінез-құлық адамның өмірі бойында мәдени, әлеуметтік, отбасылық,  биологиялық факторлар әсерімен қалыптасады. Дұрыс тамақтану мықты денсаулықтың және сәйкесінше, өмір сапасының кепілі болып табылады. Екі жастан бастап-ақ, бала алғашқы тамақтану әдеттерін иелене бастайды, атап айтқанда, екі жастан бес жасқа дейін ол тамаққа қатысты тым талғампаз болады. Ерте жастан бастап тамақтануда қалаулар, тамақтануға қатысты мінез-құлық қалыптасады.

Көп жағдайда баланың тамақтану мінез-құлқындағы бұзылушылықтар үшін ата-ана жауапты. Баланың тамақтанудағы мінез-құлқын қалыптастыру барысында қате жіберу мүмкіндіктері – орасан зор, олар ата-аналарды әр қадам басқан сайын аңдып тұрады. KYN.KZ сайты тамақтануда бұрыс мінез-құлық қалыптастыру қауіп-қатерінің тууына ықпал ететін кейбір негізгі факторларды атап көрседі.

1. Үлгі болу. 4 жасқа дейінгі кезеңге дейін аталмыш факторлар арасында бас орынды отбасы ықпалы, ең бірінше кезекте, ананың ықпалы иеленеді. Ананың қандай да бір азық-түлік өніміне эмоционалдық, сондай-ақ, рационалдық көзқарасы көбінесе баласының осындай тағам түріне көзқарасын анықтайды.

2. Балалар әсерге берілгіш, тым сенгіш және иланғыш. Сондықтан, егер отбасының ересек мүшелері әңгімелерінде «бала ештеңе жемейді, аз тамақтанады», «көкөністер жегенді ұнатпайды» дей беретін болса, олар баланы тамақтануда тым талғампаз болуға өздері итермелейді, ал бұл оның тәбетіне теріс әсер етеді.

3. Балаға өз басындағы мәселелерді артып қою. Өкінішке орай, тұрмыста жиі орын алып тұратын келесі жағдайды басқаша атауға келмейді: бала орындықта отыр, жанында анасы қолына тәрелкені алып, баланың аузына мейлінше көп ботқа салып жіберуге тырысып отыр, әрі бұл әрекетін бір жаққа асығып бара жатқандай, балақайды қайта-қайта асықтырып жасайды. Бала қақалады, шашалады, анасының жылдамдығына ілесе алмайды, анасы, сәйкесінше, ашуланады, баласының қажеттіліктеріне мұқият болудан қалады. Тамақтандыруды бар ынтамен дайындалған ботқаның немесе езбенің қажетті көлемін балаға жегізу мақсатын орындау деп қабылдамаған өте маңызды. Кейде тіпті анасы баласын езбе жемей қойғаны үшін ұрып-соғатын да жағдайлар кездеседі, себебі, тамақты қоқысқа тастайтынына кейиді

4. Балаларды шамадан тыс тамақтандыру бірқатар жағымсыз салдарға алып келуі ықтимал: шапшаң (құсу, іш кебуі) және кейінгі қалдырылған (анорексия (тәбетсіздік), булимия (мешкейлік), семіру, жүйке жүйесінің бұзылушылықтары, ішек құрылысының аурулары).

5.Осы санатқа, сондай-ақ, өз баласын құрбыларымен және таныстарымен сөйлескенде мақтаныш көзі ретінде бағалау кіреді. Балақай көрші Арманның саумалдықты сүйіп жейтіні, ал кішкентай Жанар – нағыз тілалғыш, аузына тосқанның барлығын жейтіні үшін өз денсаулығын және тыныштығын құрбан етуге міндетті емес.

Ата-аналар балаларының тамақтану мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды қалай байқай алады?
Тамақтанудағы мінез-құлқында бар қиындықтардың жанама себептеріне келесілер жатқызылуы мүмкін:
— селқостық;
— ұйқышылдық;
— ойындарға қызығушылықтың жоғалуы;
— құрдастармен қарым-қатынастардағы қиындықтар (құрдастары баланың артық немесе жеткіліксіз салмағына қатысты кемсітуі, мұқатуы мүмкін);
— мектепке бутерброд апарудан бас тарту;
— үлгерімнің төмендеуі;
— тамақтану барысында және басқа да жағдайларда баланың ашуға бой алдыруы;
— туған күн немесе басқа да мейрамдарға баруды қаламау;
— тамақты өзін мәжбүрлеп ішу.

Бөлісу12Твит8
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    858 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 215
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.