Балалар ашушаңдығы және оны емдеу жолдары
Ашушаңдығынан бәрінен бұрын баланың өзі азап шегеді: ата-анасымен жанжалдасады, достарынан айырылады, үнемі ашу үстінде, ал көбінесе қорқынышпен өмір сүреді
Ашушаңдық – біреуге зиян келтіруге бағытталған физикалық немесеа ауызша (сөзбен жеткізілетін) мінез-құлық. Ашушаңдық балалардың бойынан қалай көрінеді? - деген сұраққа KYN.KZ сайты толық жауап береді. Зар еңіреп жылап жатқан нәрестенің ашуы мен наразылығының себебі қарапайым: баланың физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандылырмаған. Бұл жағдайда ашушаңдық – өмір сүру үшін күресу әрекеті. 1,2-5 жасар баланың долылығы және құрдасына шабуыл жасауы, ойыншықты иелену үшін жанжал шығаруы. Егер ата-анасы осы жаста баласының мінез-құлқына төзімділікпен қараса, нәтижесінде ашушаңдықтың нышандық түрлері қалыптасуы ықтимал: қыңқылдау, тілазарлық, қыңырлық және т.с.с. 3 жасар баланың айғайлауы, тістеленуі, аяғымен жер тепкілеуі оның «зерттеу түйсігін» шектеумен, тойымсыз білімқұмарлық пен ата-анасының үнемі тыйым салуы арасындағы қарама-қайшылықпен байланысты болуы мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы ұл баланың сотқарлығы, қызбаланың жылаңқылығы, шаңқылдауы. Бұл жаста ұл балалардың бойында қыздарға қарағанда ашушаңдық үрдістері көбірек байқалады, себебі, қыздар жазаланудан қорқатындықтан, ашушаңдығын көрсетуге жүрексінеді, ал ұл балалардың ашушаңдығына айналадағылар мақұлдағандай болып, төзімділікпен қарайды. Кіші мектеп жасында ұл балалардың өзгелерге шабуылдау жайттары, ал қыздарда «әлеуметтендірілген» ашушаңдық белгілері: кемсіту, келемеждеу, бәсекелестік жиі байқалады. Жасөспірім ұл балаларда физикалық ашушаңдық (шабуылдау, төбелесу), ал қыз балаларда негативизм (теріске шығару) және ауызша ашушаңдық (өсек, сын, қоқан-лоқы, балағаттау) басым болуын жалғастыра береді. БАЛАЛАР АШУШАҢДЫҒЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ: - Ашушаңдық келесі жағдайларда туындауы мүмкін: фрустрация (үрей) сезіміне жауап қайтару – бұл өз қажеттіліктерін қанағаттандыру, эмоционалдық тепе-теңдікке қол жеткізу жолындағы кедергілері еңсеруге талпыныс әрекеті; - бала өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың барлық басқа мүмкіндіктерін тауысқаннан кейінгі қолданған соңғы амал-шарғысы; - берілген үлгіні (ата-анасының, әдеби, кино- және телекейіпкерлердің мінез-құлқы) ұстана отырып, бала ашушаңдыққа бой алдырады, «жаттап алған» мінез-құлықты қайталайды.7 Сондай-ақ, ашушаңдықтың көрініс беруіне биологиялық факторлар да әсер етеді (жүйке жүйесінің ерекшеліктері, тұқым қуалаушылық, биохимиялық факторлар) АШУШАҢДЫҚТЫ «ЕМДЕУ» - Балалардың ашушаң мінез-құлқын түзету үшін сол мінез-құлықтың алдын алу тәсілдері де жарайды. Осындай балалардың ашу-ызасын бір ауыз жылы сөз қайтара алады. Баланы «бұзылған» деп сөкпеңіз. Егер солай ойлай бастасаңыз, баланы жатсыну, қабылдамау сезімі тууы мүмкін. Оны бала да сезіп қалуы мүмкін, ал ет-жақындарының арасында өзін жалғыз сезіну баланың мінезін бұрынғыдан бетер күрделене түсуіне алып келуі мүмкін. - Ашушаңдығынан бәрінен бұрын баланың өзі азап шегеді: ата-анасымен жанжалдасады, достарынан айырылады, үнемі ашу үстінде, ал көбінесе қорқынышпен өмір сүреді. Осының барлығы баланы бақытсыз етеді. Мұндай бала үшін қамқорлық пен мейірім – таптырмас ем-шипа. Әрбір сәт сайын ол ата-анасы өзін жақсы көретінін, бағалайтынын және қабылдайтынын сезінуі тиіс. Бала өзінің сізге керек екенін және маңызды екенін көрсін. - Бар амалыңыз таусылып, еш нәтиже шықпаса, келесі мамандардың көмегіне жүгінуге болады: дәрігер психотерапевттер және психоневрологтар, психологтар, педагогтар.