Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Балалар ашушаңдығы және оны емдеу жолдары

Ашушаңдығынан бәрінен бұрын баланың өзі азап шегеді: ата-анасымен жанжалдасады, достарынан айырылады, үнемі ашу үстінде, ал көбінесе қорқынышпен өмір сүреді

16.01.2020
0
Балалар ашушаңдығы және оны емдеу жолдары

Ашушаңдық – біреуге зиян келтіруге бағытталған физикалық немесеа ауызша (сөзбен жеткізілетін) мінез-құлық. Ашушаңдық балалардың бойынан қалай көрінеді? — деген сұраққа KYN.KZ сайты толық жауап береді.

Зар еңіреп жылап жатқан нәрестенің ашуы мен наразылығының себебі қарапайым: баланың физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандылырмаған. Бұл жағдайда ашушаңдық – өмір сүру үшін күресу әрекеті.

1,2-5 жасар баланың долылығы және құрдасына шабуыл жасауы, ойыншықты иелену үшін жанжал шығаруы. Егер ата-анасы осы жаста баласының мінез-құлқына төзімділікпен қараса, нәтижесінде ашушаңдықтың нышандық түрлері қалыптасуы ықтимал: қыңқылдау, тілазарлық, қыңырлық және т.с.с.

3 жасар баланың айғайлауы, тістеленуі, аяғымен жер тепкілеуі оның «зерттеу түйсігін» шектеумен, тойымсыз білімқұмарлық пен ата-анасының үнемі тыйым салуы арасындағы қарама-қайшылықпен байланысты болуы мүмкін.

Мектепке дейінгі жастағы ұл баланың сотқарлығы, қызбаланың жылаңқылығы, шаңқылдауы. Бұл жаста ұл балалардың бойында қыздарға қарағанда ашушаңдық үрдістері көбірек байқалады, себебі, қыздар жазаланудан қорқатындықтан, ашушаңдығын көрсетуге жүрексінеді, ал ұл балалардың ашушаңдығына айналадағылар мақұлдағандай болып, төзімділікпен қарайды.

Кіші мектеп жасында ұл балалардың өзгелерге шабуылдау жайттары, ал қыздарда «әлеуметтендірілген» ашушаңдық белгілері: кемсіту, келемеждеу, бәсекелестік жиі байқалады.
Жасөспірім ұл балаларда физикалық ашушаңдық (шабуылдау, төбелесу), ал қыз балаларда негативизм (теріске шығару) және ауызша ашушаңдық (өсек, сын, қоқан-лоқы, балағаттау) басым болуын жалғастыра береді.

БАЛАЛАР АШУШАҢДЫҒЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ:

—  Ашушаңдық келесі жағдайларда туындауы мүмкін: фрустрация (үрей) сезіміне жауап қайтару – бұл өз қажеттіліктерін қанағаттандыру, эмоционалдық тепе-теңдікке қол жеткізу жолындағы кедергілері еңсеруге талпыныс әрекеті;
— бала өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың барлық басқа мүмкіндіктерін тауысқаннан кейінгі қолданған соңғы амал-шарғысы;
— берілген үлгіні (ата-анасының, әдеби, кино- және телекейіпкерлердің мінез-құлқы) ұстана отырып, бала ашушаңдыққа бой алдырады, «жаттап алған» мінез-құлықты қайталайды.7

Сондай-ақ, ашушаңдықтың көрініс беруіне биологиялық факторлар да әсер етеді (жүйке жүйесінің ерекшеліктері, тұқым қуалаушылық, биохимиялық факторлар)

АШУШАҢДЫҚТЫ «ЕМДЕУ»
— Балалардың ашушаң мінез-құлқын түзету үшін сол мінез-құлықтың алдын алу тәсілдері де жарайды. Осындай балалардың ашу-ызасын бір ауыз жылы сөз қайтара алады. Баланы «бұзылған» деп сөкпеңіз. Егер солай ойлай бастасаңыз, баланы жатсыну, қабылдамау сезімі тууы мүмкін. Оны бала да сезіп қалуы мүмкін, ал ет-жақындарының арасында өзін жалғыз сезіну баланың мінезін бұрынғыдан бетер күрделене түсуіне алып келуі мүмкін.

— Ашушаңдығынан бәрінен бұрын баланың өзі азап шегеді: ата-анасымен жанжалдасады, достарынан айырылады, үнемі ашу үстінде, ал көбінесе қорқынышпен өмір сүреді. Осының барлығы баланы бақытсыз етеді. Мұндай бала үшін қамқорлық пен мейірім – таптырмас ем-шипа. Әрбір сәт сайын ол ата-анасы өзін жақсы көретінін, бағалайтынын және қабылдайтынын сезінуі тиіс. Бала өзінің сізге керек екенін және маңызды екенін көрсін.
— Бар амалыңыз таусылып, еш нәтиже шықпаса, келесі мамандардың көмегіне жүгінуге болады: дәрігер психотерапевттер және психоневрологтар, психологтар, педагогтар.

Бөлісу10Твит7
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.