Бала жасына сай әрекет етіп, шешім қабылдай білуге дағыналнуы үшін ата-ананың ықпалы зор
Балаға тым қатал болу да, оны тым еркіне жіберу де қауіпті
Ең бастысы – балаңызды «сөзсіз» сүю және қабылдау. Яғни, сізге балаңыздың қандай да бір іс-әрекеті немесе мінез-құлқы ұнамауы мүмкін, бірақ, сіз оны ештеңеге қарамастан жақсы көре бересіз. Сүйіспеншілікті кеңестердің көмегімен үйрену қиын. Сүйіспеншілікті біз балаларымыздан үйренетін сияқтымыз.2-2,5 жаста дені сау баланың істей алатыны көп. Ол жүруді, жүгіруді үйреніп алды, сұрақ қоя алады, сұрай алады, өз қалауларын жеткізе алады. Жаңа мүмкіндіктер балақайды сансыз жаңа әрекеттерді байқап көруге итермелейді, өз бетінше әрекет етуге құштарлығын оятады деп хабарлайды KYN.KZ Дәл осы уақытта балалардың ерік-жігері, өзін-өзі қадағалау қабілеті қалыптасады. Барлығымыз баламыздың жауапты және ешкімге тәуелсіз болып өскенін қалаймыз ғой. Міне, осы тұста жанашыр, қамқор және тиімді ата-ана бола отырып, біз оған көмектесе аламыз. Қараңызшы, балалар қолдарынан келетін тапсырмаларды қалай қуана-қуана орындайды. Ересектердің көмегімен олар дүкен сөрелерінен тауар таңдауға, ақша ұстап тұруға, сатып алынған заттарды себеттен шығаруға көмектесе алады. Кейбір үш жасар балалар дәретханаға өздері бара алады. Балалар көбінесе тамақты өз қолымен жеуге, тағам және киім таңдау құқығын иеленуге ұмтылады, ас дайындауға қатысқанды жақсы көреді. Балалардың көпшілігі теледидарды немесе бейнефильмдерді қосуды және өшіруді тез үйреніп алады. Алайда, балаға қай бағдарламалар лайық емес екенін ата-анасы ғана шешеді. Қадағалау және тиімділік сынды тәрбиелеу мәселелеріне келсек, психологтар қажетті деңгейде ата-ана бақылауын сақтай отырып, баланың өз бетінше әрекет ету қабілетін тиімді дамытуға көмектесетін келесі кеңестерді ұсынады. 1. Балаңызды орынды мінез-құлқы үшін мақтауға қысылмаңыз. 2. Балаңызға өзінің шама-шарқы жететін тапсырмалар ғана беріңіз. 3. Бәрін алдымен көрсетіп алып, артынан бірге жасаңыздар. 4.Бала қандай да бір сәтсіздікке ұшыраса, оған жіберген қателігін түсіндіріп, жігерлендіруге тырысыңыз. 5. Дау-жанжал тууы ықтимал жағдайларда таңдау мүмкіндігін беріңіз және өзара тиімді келісімге келуге тырысыңыз. 6.Баланы өз қалауын және сезімдерін сөзбен жеткізуге үйретіңіз. 7. Тыйым салу қаншалықты керек болғанымен, оны тек шектеулі түрде қолдану керек. Бала тіл алмағанда оның көңілін басқаға аударуға тырыссақ, қол жеткізер нәтижеміз де көбірек болады. 8. Тәрбиелеу барысында бала орынды мінез-құлық шекарасын анық түсінуі үшін рұқсат ету шектерін айқын белгілеу қажет. Есіңізде болсын, бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыру жауапкершілігі түгелдей ата-аналарға артылады.