Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бала жасына сай әрекет етіп, шешім қабылдай білуге дағыналнуы үшін ата-ананың ықпалы зор

Балаға тым қатал болу да, оны тым еркіне жіберу де қауіпті

16.01.2020
0
Бала жасына сай әрекет етіп, шешім қабылдай білуге дағыналнуы үшін ата-ананың ықпалы зор

Ең бастысы – балаңызды «сөзсіз» сүю және қабылдау. Яғни, сізге балаңыздың қандай да бір іс-әрекеті немесе мінез-құлқы ұнамауы мүмкін, бірақ, сіз оны ештеңеге қарамастан жақсы көре бересіз. Сүйіспеншілікті кеңестердің көмегімен үйрену қиын.

Сүйіспеншілікті біз балаларымыздан үйренетін сияқтымыз.2-2,5 жаста дені сау баланың істей алатыны көп. Ол жүруді, жүгіруді үйреніп алды, сұрақ қоя алады, сұрай алады, өз қалауларын жеткізе алады. Жаңа мүмкіндіктер балақайды сансыз жаңа әрекеттерді байқап көруге итермелейді, өз бетінше әрекет етуге құштарлығын оятады деп хабарлайды KYN.KZ

Дәл осы уақытта балалардың ерік-жігері, өзін-өзі қадағалау қабілеті қалыптасады. Барлығымыз баламыздың жауапты және ешкімге тәуелсіз болып өскенін қалаймыз ғой. Міне, осы тұста жанашыр, қамқор және тиімді ата-ана бола отырып, біз оған көмектесе аламыз.
Қараңызшы, балалар қолдарынан келетін тапсырмаларды қалай қуана-қуана орындайды.

Ересектердің көмегімен олар дүкен сөрелерінен тауар таңдауға, ақша ұстап тұруға, сатып алынған заттарды себеттен шығаруға көмектесе алады. Кейбір үш жасар балалар дәретханаға өздері бара алады. Балалар көбінесе тамақты өз қолымен жеуге, тағам және киім таңдау құқығын иеленуге ұмтылады, ас дайындауға қатысқанды жақсы көреді. Балалардың көпшілігі теледидарды немесе бейнефильмдерді қосуды және өшіруді тез үйреніп алады. Алайда, балаға қай бағдарламалар  лайық емес екенін ата-анасы ғана шешеді.

Қадағалау және тиімділік сынды тәрбиелеу мәселелеріне келсек, психологтар қажетті деңгейде ата-ана бақылауын сақтай отырып, баланың өз бетінше әрекет ету қабілетін тиімді дамытуға көмектесетін келесі кеңестерді ұсынады.
1. Балаңызды орынды мінез-құлқы үшін мақтауға қысылмаңыз.
2. Балаңызға өзінің шама-шарқы жететін тапсырмалар ғана беріңіз.
3. Бәрін алдымен көрсетіп алып, артынан бірге жасаңыздар.
4.Бала қандай да бір сәтсіздікке ұшыраса, оған жіберген қателігін түсіндіріп, жігерлендіруге тырысыңыз.
5. Дау-жанжал тууы ықтимал жағдайларда таңдау мүмкіндігін беріңіз және өзара тиімді келісімге келуге тырысыңыз.
6.Баланы өз қалауын және сезімдерін сөзбен жеткізуге үйретіңіз.
7. Тыйым салу қаншалықты керек болғанымен, оны тек шектеулі түрде қолдану керек. Бала тіл алмағанда оның көңілін басқаға аударуға тырыссақ, қол жеткізер нәтижеміз де көбірек болады.
8. Тәрбиелеу барысында бала орынды мінез-құлық шекарасын анық түсінуі үшін рұқсат ету шектерін айқын белгілеу қажет. Есіңізде болсын, бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыру жауапкершілігі түгелдей ата-аналарға артылады.

 

Бөлісу10Твит6
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2208 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1246 бөлісу
    Бөлісу 498 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    995 бөлісу
    Бөлісу 398 Твит 249
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1789 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 447
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    905 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 226
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    892 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    734 бөлісу
    Бөлісу 294 Твит 184
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    711 бөлісу
    Бөлісу 284 Твит 178
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.