Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ашуды тізгіндеп үйрену үшін арнайы жаттығулар

Ашуды тізгіндеп үйрену үшін арнайы жаттығулар
ашық дереккөз
Kөп ересектер, балалар былай тұрғанда, өз жүрегінде не болып жатқанын, неге көңілі толмайтынын айтып жеткізе алмайды. Ал егер адам жан-дүниесінің жай-күйін таразылай алса, өзіне де, айналасындағыларға да жеңіл болады. Ашуды тізгіндеп үйрену үшін арнайы жаттығулар тізімін KYN.KZ сайты хабарлайды. 1. Бірге тыйым салатын «ТОҚТА» белгісін салып, келісіп алыңыздар: бала қатты ашуы келгенде, сол белгіні шығарып, дауыстап немесе ішінен «Тоқта!» деп айтады. Сіз де осы белгіні өз ашу қаһарыңызды тізгіндеу үшін қолдануыңызға болады. Бұл әдісті пайдалану дағды әбден орныққанша, бірнеше күн бойы жаттығуды талап етеді. 2. Баланы (және өзіңізді) ашу-қаһарын орынды тәсілмен шығаруға үйретіңіз. Барлық жағымсыз жайттарды ата-анасымен немесе достарымен міндетті түрде ауызша талқылау қажет екенін түсіндіріңіз. Балаға ашу-қаһарды, ызаны шығарудың ауызша тәсілдерін үйретіңіз («Менің көңілім қалды, мен ренжіп тұрмын»). 3. Жағымсыз сезімдерді сыртқа шығаруға арналған «сиқырлы заттарды» қолдануды ұсыныңыз: шыны (оны ішіне айғайлауға болады); 1. қағаз (оларды умаждауға, жыртуға, бар күшін жұмсап нысанаға лақтыруға болады); 2. пластилин (одан өзін ренжіткен адамның мүсінін жасап, артынша мыжып-жаншуға немесе басқа зат жасауға болады); 3. «Бобо» жастығы (оны лақтыруға, тоқпақтауға, тебуге болады). «Ашу шығаруға» бөлек жастық арнаңыз, оған көз және ауыз тігіп қоюға болады; бұл мақсатта жұмсақ ойыншықтар мен қуыршықтарды пайдаланбаған жөн, ал бокс грушасы әбден жарайды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар