Бетті жасартуға арналған маска
Үй жағдайында бетті жасартуға арналған маскаларды жасауға болады
Картоп крахмалы - бетті жасартуға жақсы көмектесетін ингредиенттің бірі. Маска үй жағдайында жасауға арналған. Бірінші рецепт. 1 ас қасық картоп крахмалын 1 ас қасық сүтпен араластырыңыз. Қоспаға 1 шай қасық шабдалы майын қосыңыз. Жақсылап араластырып, бетке жұқа етіп жағыңыз. Жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Екінші рецепт. 1 ас қасық картоп крахмалын жылы, таза, қайнаған сумен қою қоспа болғанға дейін араластырыңыз. Оған жұмыртқаның ағы мен аздап лимон шырынын қосыңыз. Дайын қоспаны бетке жағып, 30-40 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы бетіңіз майлы болса қолданыңыз. Үшінші рецепт. 1 ас қасық крахмалды 1 шай қасық ас тұзымен араластырыңыз. Оған жылы сүт қосып, ботқаға айналғанға дейін араластырыңыз. Қоспаға 1 шай қасық қою бал қосыңыз. Бетке жұқа етіп жағып, жарты сағаттан соң, жылы сумен жуу керек.