Нәрестенің арқасындағы тікенекті қалай емдейді?
Медицинада балалар ауруы ретінде мойындалмаған дерттің бірі – нәрестенің арқасында болатын «тікенек» (кочерга – «көсеу»).
Жас аналардың көпшілігі, тіпті, кейбір бірнеше баланы өмірге әкелген аналардың өзі бұл туралы білмейтін болуы мүмкін. Себебі, ол барлық нәрестеде бола бермейді. Десек те, ол апа-әжелерімізге таныс. Халықтық медицинада оны емдеу керектігі айтылады. Әлбетте, балаға ыңғайсыздық тудырған жағдайдан арылту қажет. Дегенмен, медицинада бұл туралы не делінген? Нәрестенің арқасында «тікені» бар екені қалай білінеді? Оны қалай емдейді? деген сұрақтарға KYN.KZ сайты ernur.kz сайтына сілтеме жасай отырып жауап береді. Сәбидің мазасын алатын «ТІКЕНЕК» - ол не? «Тікенектің» тағы бір атауы – «қылтан». Ол – нәрестенің арқасындағы терісін жарып өтіп шыға алмай жатқан түк. «Тікенекті» байқау қиын емес. Мұндай түктер сыртқа шыға алмаған соң тері астында өсе бастайды. Түк өскен сайын «көсеудің» (кочерга) пішініне айналады да, ішінен қадалып сәбидің тәніне батады. Сондықтан да бұл дерт «көсеу» деп аталған. Нәрестеде «тікенек» бар екенін қалай анықтайды? Сәбиді жақсылап шомылдырып, жылы ваннада булап алған соң оны екбетінен жатқызады да, арқасына арнайы маймен массаж жасап уқалайды. Уқалау балаға жағымсыздық тудырмауы тиіс. Нәрестенің терісі нәзік болатындықтан абайлап әрекет ету керек. Егер 3 минуттық уқалаудан соң ештеңе шықпаса немесе түйіршіктелген түктер байқалмаса, «тікенек» жоқ деген сөз. Ал қолға түктер байқалса, демек алып тастауға тура келеді. «Тікенегі» бар баланың белгілері: 1. Жақсы ұйықтамау және түнде көп мазасыздану 2.Қыбырлап бір орында жатпай қимылдау беруі 3.Арқасынан немесе басқа да жерінен сипағанда қолға шаншылудың әсерін сезу 4.Уақытынан ерте - 2 апта бұрын өмірге келген нәресте 5.Ваннаға булап, шомылдырған соң массаж жасағанда ірі түктердің түйіртпектеліп пайда болуы. Халықтық тәсіл арқылы көбіне қаттылау иленген қамырды жылытып, баланы шомылдырған соң арқасына әрі-бері жүгіртеді. Қатты түктер қамырға жабысып, баланың денесіне зақым келтірмей алады. Сол сияқты, қамырға бал жағып жасайтын да түрі бар. Енді бір әжелер нәрестенің денесіне сұйық қамыр жағып, 15 минут өткен соң еппен алып тастайды. Сонда түктер қамырға жабысып алынады. Тек балдың өзімен алатын халықтық тәсілдері көп қолданылады. Мұндайда ана мен баланың жанында медицина маманы да бірге болғаны абзал. Баланың денесіне халық емінде пайдаланылатын қандай да бір тәсілдің компоненттері жақпай, аллергия немесе басқалай да жайсыздықтар тудыруы мүмкін. «Тікенек» нәресте денесінің қай аумағында көбірек болады? Жоғарыда айтылғандай, сәби денесінде «тікенектің» қандай да бір белгілері білінсе, оның тек арқасында ғана емес иығы, білектен жоғары қары аймағында, бөксе мен санның сырт жағында болуы мүмкін. Сондықтан нәрестенің тек арқасына ғана емес, шомылдырып алған соң бүткіл денесіне еппен ғана массаж жасап байқап көрген дұрыс. «Тікенегі» алынған нәрестенің денесін тыныштандыратын балалар майын немесе арнайы кремді жағу керек. Бастысы – нәрестенің терісі зақымданбауына мұқият болуы ұмытпаған жөн.