Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Нәрестенің арқасындағы тікенекті қалай емдейді?

Медицинада балалар ауруы ретінде мойындалмаған дерттің бірі – нәрестенің арқасында болатын «тікенек» (кочерга – «көсеу»).

16.01.2020
0
Нәрестенің арқасындағы тікенекті қалай емдейді?

Жас аналардың көпшілігі, тіпті, кейбір бірнеше баланы өмірге әкелген аналардың өзі бұл туралы білмейтін болуы мүмкін. Себебі, ол барлық нәрестеде бола бермейді. Десек те, ол апа-әжелерімізге таныс. Халықтық медицинада оны емдеу керектігі айтылады. Әлбетте, балаға ыңғайсыздық тудырған жағдайдан арылту қажет. Дегенмен, медицинада бұл туралы не делінген? Нәрестенің арқасында «тікені» бар екені қалай білінеді? Оны қалай емдейді? деген сұрақтарға KYN.KZ сайты ernur.kz сайтына сілтеме жасай отырып жауап береді.

Сәбидің мазасын алатын «ТІКЕНЕК» — ол не? «Тікенектің» тағы бір атауы – «қылтан». Ол – нәрестенің арқасындағы терісін жарып өтіп шыға алмай жатқан түк. «Тікенекті» байқау қиын емес. Мұндай түктер сыртқа шыға алмаған соң тері астында өсе бастайды. Түк өскен сайын «көсеудің» (кочерга) пішініне айналады да, ішінен қадалып сәбидің тәніне батады. Сондықтан да бұл дерт «көсеу» деп аталған.

Нәрестеде «тікенек» бар екенін қалай анықтайды?                                                                  Сәбиді жақсылап шомылдырып, жылы ваннада булап алған соң оны екбетінен жатқызады да, арқасына арнайы маймен массаж жасап уқалайды. Уқалау балаға жағымсыздық тудырмауы тиіс. Нәрестенің терісі нәзік болатындықтан абайлап әрекет ету керек. Егер 3 минуттық уқалаудан соң ештеңе шықпаса немесе түйіршіктелген түктер байқалмаса, «тікенек» жоқ деген сөз. Ал қолға түктер байқалса, демек алып тастауға тура келеді.

«Тікенегі» бар баланың белгілері:

1. Жақсы ұйықтамау және түнде көп мазасыздану

2.Қыбырлап бір орында жатпай қимылдау беруі

3.Арқасынан немесе басқа да жерінен сипағанда қолға шаншылудың әсерін сезу

4.Уақытынан ерте — 2 апта бұрын өмірге келген нәресте

5.Ваннаға булап, шомылдырған соң массаж жасағанда ірі түктердің түйіртпектеліп пайда болуы.

Халықтық тәсіл арқылы көбіне қаттылау иленген қамырды жылытып, баланы шомылдырған соң арқасына әрі-бері жүгіртеді. Қатты түктер қамырға жабысып, баланың денесіне зақым келтірмей алады. Сол сияқты, қамырға бал жағып жасайтын да түрі бар. Енді бір әжелер нәрестенің денесіне сұйық қамыр жағып, 15 минут өткен соң еппен алып тастайды. Сонда түктер қамырға жабысып алынады. Тек балдың өзімен алатын халықтық тәсілдері көп қолданылады. Мұндайда ана мен баланың жанында медицина маманы да бірге болғаны абзал. Баланың денесіне халық емінде пайдаланылатын қандай да бір тәсілдің компоненттері жақпай, аллергия немесе басқалай да жайсыздықтар тудыруы мүмкін.

«Тікенек» нәресте денесінің қай аумағында көбірек болады? Жоғарыда айтылғандай, сәби денесінде «тікенектің» қандай да бір белгілері білінсе, оның тек арқасында ғана емес иығы, білектен жоғары қары аймағында, бөксе мен санның сырт жағында болуы мүмкін. Сондықтан нәрестенің тек арқасына ғана емес, шомылдырып алған соң бүткіл денесіне еппен ғана массаж жасап байқап көрген дұрыс. «Тікенегі» алынған нәрестенің денесін тыныштандыратын балалар майын немесе арнайы кремді жағу керек. Бастысы – нәрестенің терісі зақымданбауына мұқият болуы ұмытпаған жөн.

Бөлісу50Твит31
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.