Баланың қызуы (температурасы) көтерілген кезде көрсетілетін көмек
Баланың қызуы көтерілген кезде оның жасына сай бірнеше себептер болады.
Тіс шығу кезінде температура 2-3 күннен артық болмайды және ~37-38С аспау керек.Тіс деп ойлап инфекциялық ауруларды асқындырып алмаңыз.Температура көтерілу балаларда жиі кездеседі. Әдетте температурамен қатар мұрыннан су ағу, жөтел сияқты бірнеше шағым қосыла жүреді. Бүгін KYN.KZ сайты осы жағдайды талқылайды. Баланың дене қызуының жоғары болуы ата-аналарды көбінесе қапыда қалдырады. Сәби әлсіреп, денесі қызып, анасының алдына отырып, кеудесіне тығылған кезде, алғашқы жәрдем берудің барлық әдістері ойынан шығып кетеді. Анасы үйдің ішінде бейберекет сеңделіп, «білетін адамдарға» хабарласып, балалардың денсаулығы жайлы медициналық анықтамалықтарды жан ұшыра ақтарып, әбігерге түсе бастайды. Сондықтан да, дене қызуы жоғары балаға алғашқы жәрдем беру жөніндегі жаднама әрдайым жаныңда болғаны жақсы.
- Егер температура 38 °С жоғары болмаса, және бала оны жақсы көтерсе, онда қызуды түсіретін дәріні берудің қажеті жоқ. Өйткені дене қызуы көтерілген кезде ағза инфекциямен тиімді күреседі, сондықтан аса қажеттілік болмаса, оны түсіру керек емес. Баланың жүйке ауруымен ауыруы (невропотологта есепте тұрса) немесе температураны ауыр көтеруі ерекше жағдайдайлар болып табылады – бұл кезде қызуды түсіретін дәріні 37,5 °С бастап беру керек.
-
Егерде дене қызуы 38 °С жоғары көтерілсе – балаға дәрігер ұсынған қызуды түсіретін дәріні беру керек (Балаларға арналған Панадол, Эффералган, Нурофен). Өте кішкентай сәбилерге тығындәрі, жасы үлкен балаларға шәрбат түріндегі дәрілерді пайдаланған дұрыс. Ешбір жағдайда аспирин пайдаланбаңыз! Аспирин вирустық инфекция кезінде (12 жасқа дейінгі балаларда) қауіпті асқыну – Рей синдромын туғызуы мүмкін.
- Дене қызуының көтерілу себебін анықтау үшін, міндетті түрде дәрігерді шақырыңыз. Дене қызуымен бірге болып жатқан белгілерді: тұмау, жөтел, құсу, іш өту, бастың, іштің ауыруы, бөртпені белгілеңіз.
- Баланың денесі тырыса бастаса немесе қызуы 40°С жоғары болса, тез арада «Жедел жәрдем» шақырыңыз, ал ол келгенше балаға қызу түсіретін дәрі беріңіз.
- Баланы төсекке жатқызуға тырысыңыз. Оған қызықты кітап оқып беріңіз, мультфильмдер көріңіздер, тыныш ойындар ойнаңыздар. Дегенмен, бәрінен де сәби ұйықтап, демалып, күш жинағаны дұрыс.
- Ауырып қалған сәбиді жеңіл сіңетін тамақ берген жөн. Рационнан ет (әсіресе қуырылған), майлы, тәтті және консервіленген тағамдарды уақытша алып тастаңыз.
-
Балаға көп су ішкізіңіз – сол кезде ағзадан вирустардың өмір сүру барысында пайда болатын уыттар «шайылып кетеді». Бәрінен де ең жақсысы – лимон, таңқурай қосылған жылы шай, бал қосылған жылы сүт (егер оған аллергиясы болмаса) берген жақсы. С дәрумені бар морс, компоттар, шырындар өте пайдалы. Сондай-ақ минералды су, шөп қайнатпалары, жемістен жасалған шәй да жақсы көмектеседі.
-
Бөлмені тұрақты түрде желдетіп тұрыңыз және мүмкіндігінше ауаны ылғалдандырыңыз. Бұл мақсатта бөлмеде су құйылған 3 литрлік құтыны қойып қоюға және дымқыл сүлгіні іліп қоюға болады. Ауа температурасы 20-21 градустан аспауы тиіс.
- Баланы «қабат-қабат» киіндіріп, шамадан тыс ораудың қажеті жоқ. Қызу қауіпті деңгейге көтерілсе, бұл шаралар ыстық өтуге алып келуі мүмкін. Артық жылу еш кедергісіз сыртқа шығуы үшін, науқастанған баланы жеңіл-желпі киіндіріңіз, жөргек немесе жеңіл көрпе жауып қойыңыз.
- Баланы сірке сумен, спиртпен сүртудің немесе суық жылытқымен құрсатудың қажеті жоқ. Спирт тері арқылы өте жақсы сіңеді және бала ағзасының улануына алып келуі мүмкін.
- Егер емдеуді бастағаннан кейін қызу 3-4 күннен аса уақыт түспесе, онда емдеуді түзету үшін дәрігерді қайтадан шақырту керек.
Мына жағдайлар температурамен бірге болса міндетті түрде дәрігерге көрсету керек, қауіпті жағдайлар: ⠀ -Тырысулар -Қатты бас ауруы -Есі ауытқу -Иегін кеудесіне тигізе алмау -Тамағы,құлағы ауруы -Мұрын, ауыз айналасы көгеру -Ентігу -Әлсіз тыныс -Денеде бөртпелер -40 С жоғары температура -Ембейді, тамақ ішпейді -Жас шықпау, 8 сағаттан аса кіші дәретке шықпау -Еңбек ішіне түсу -Айқын естілетін сырыл -5 күннен артық температура - Температура түсіруге арналған дәрі көмектеспейді. ⠀ Тіс шығу кезінде температура 2-3 күннен артық болмайды және ~37-38С аспау керек.Тіс деп ойлап инфекциялық ауруларды асқындырып алмаңыз.