Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Баланың қызуы (температурасы) көтерілген кезде көрсетілетін көмек

Баланың қызуы көтерілген кезде оның жасына сай бірнеше себептер болады.

16.01.2020
0
Баланың қызуы (температурасы) көтерілген кезде көрсетілетін көмек

Тіс шығу кезінде температура 2-3 күннен артық болмайды және ~37-38С аспау керек.Тіс деп ойлап инфекциялық ауруларды асқындырып алмаңыз.Температура көтерілу балаларда жиі кездеседі.
Әдетте температурамен қатар мұрыннан су ағу, жөтел сияқты бірнеше шағым қосыла жүреді.
Бүгін KYN.KZ сайты осы жағдайды талқылайды.

Баланың дене қызуының жоғары болуы ата-аналарды көбінесе қапыда қалдырады. Сәби әлсіреп, денесі қызып, анасының алдына отырып, кеудесіне тығылған кезде, алғашқы жәрдем берудің барлық әдістері ойынан шығып кетеді.

Анасы үйдің ішінде бейберекет сеңделіп, «білетін адамдарға» хабарласып, балалардың денсаулығы жайлы медициналық анықтамалықтарды жан ұшыра ақтарып, әбігерге түсе бастайды.

Сондықтан да, дене қызуы жоғары балаға алғашқы жәрдем беру жөніндегі жаднама әрдайым жаныңда болғаны жақсы.

  • Егер температура 38 °С жоғары болмаса, және бала оны жақсы көтерсе, онда қызуды түсіретін дәріні берудің қажеті жоқ. Өйткені дене қызуы көтерілген кезде ағза инфекциямен тиімді күреседі, сондықтан аса қажеттілік болмаса, оны түсіру керек емес. Баланың жүйке ауруымен ауыруы (невропотологта есепте тұрса) немесе температураны ауыр көтеруі ерекше жағдайдайлар болып табылады – бұл кезде қызуды түсіретін дәріні 37,5 °С бастап беру керек.
  • Егерде дене қызуы 38 °С жоғары көтерілсе – балаға дәрігер ұсынған қызуды түсіретін дәріні беру керек (Балаларға арналған Панадол, Эффералган, Нурофен). Өте кішкентай сәбилерге тығындәрі, жасы үлкен балаларға шәрбат түріндегі дәрілерді пайдаланған дұрыс. Ешбір жағдайда аспирин пайдаланбаңыз! Аспирин вирустық инфекция кезінде (12 жасқа дейінгі балаларда) қауіпті асқыну – Рей синдромын туғызуы мүмкін.

  • Дене қызуының көтерілу себебін анықтау үшін, міндетті түрде дәрігерді шақырыңыз. Дене қызуымен бірге болып жатқан белгілерді: тұмау, жөтел, құсу, іш өту, бастың, іштің ауыруы, бөртпені белгілеңіз.
  • Баланың денесі тырыса бастаса немесе қызуы 40°С жоғары болса, тез арада «Жедел жәрдем» шақырыңыз, ал ол келгенше балаға қызу түсіретін дәрі беріңіз.
  • Баланы төсекке жатқызуға тырысыңыз. Оған қызықты кітап оқып беріңіз, мультфильмдер көріңіздер, тыныш ойындар ойнаңыздар. Дегенмен, бәрінен де сәби ұйықтап, демалып, күш жинағаны дұрыс.
  • Ауырып қалған сәбиді жеңіл сіңетін тамақ берген жөн. Рационнан ет (әсіресе қуырылған), майлы, тәтті және консервіленген тағамдарды уақытша алып тастаңыз.
  • Балаға көп су ішкізіңіз – сол кезде ағзадан вирустардың өмір сүру барысында пайда болатын уыттар «шайылып кетеді». Бәрінен де ең жақсысы – лимон, таңқурай қосылған жылы шай, бал қосылған жылы сүт (егер оған аллергиясы болмаса) берген жақсы. С дәрумені бар морс, компоттар, шырындар өте пайдалы. Сондай-ақ минералды су, шөп қайнатпалары, жемістен жасалған шәй да жақсы көмектеседі.

  • Бөлмені тұрақты түрде желдетіп тұрыңыз және мүмкіндігінше ауаны ылғалдандырыңыз. Бұл мақсатта бөлмеде су құйылған 3 литрлік құтыны қойып қоюға және дымқыл сүлгіні іліп қоюға болады. Ауа температурасы 20-21 градустан аспауы тиіс.

  • Баланы «қабат-қабат» киіндіріп, шамадан тыс ораудың қажеті жоқ. Қызу қауіпті деңгейге көтерілсе, бұл шаралар ыстық өтуге алып келуі мүмкін. Артық жылу еш кедергісіз сыртқа шығуы үшін, науқастанған баланы жеңіл-желпі киіндіріңіз, жөргек немесе жеңіл көрпе жауып қойыңыз.
  • Баланы сірке сумен, спиртпен сүртудің немесе суық жылытқымен құрсатудың қажеті жоқ. Спирт тері арқылы өте жақсы сіңеді және бала ағзасының улануына алып келуі мүмкін.
  • Егер емдеуді бастағаннан кейін қызу 3-4 күннен аса уақыт түспесе, онда емдеуді түзету үшін дәрігерді қайтадан шақырту керек.

Мына жағдайлар температурамен бірге болса міндетті түрде дәрігерге көрсету керек, қауіпті жағдайлар:
⠀
-Тырысулар
-Қатты бас ауруы
-Есі ауытқу
-Иегін кеудесіне тигізе алмау
-Тамағы,құлағы ауруы
-Мұрын, ауыз айналасы көгеру
-Ентігу
-Әлсіз тыныс
-Денеде бөртпелер
-40 С жоғары температура
-Ембейді, тамақ ішпейді
-Жас шықпау, 8 сағаттан аса кіші дәретке шықпау
-Еңбек ішіне түсу
-Айқын естілетін сырыл
-5 күннен артық температура
— Температура түсіруге арналған дәрі көмектеспейді.
⠀
Тіс шығу кезінде температура 2-3 күннен артық болмайды және ~37-38С аспау керек.Тіс деп ойлап инфекциялық ауруларды асқындырып алмаңыз.

Бөлісу12Твит8
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1723 бөлісу
    Бөлісу 689 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1421 бөлісу
    Бөлісу 568 Твит 355
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    985 бөлісу
    Бөлісу 394 Твит 246
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    937 бөлісу
    Бөлісу 375 Твит 234
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    902 бөлісу
    Бөлісу 361 Твит 226
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    714 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1225 бөлісу
    Бөлісу 490 Твит 306
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.