Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айнаның адам өміріне қауіпі зор екенін біле жүріңіз

Айнаның адам өміріне қауіпі зор екенін біле жүріңіз
ашық дереккөз
Америка ғалымдары: Егер адам күні бойы айнаға жиі-жиі қараса, кешкісін көңіл-күйі болмай, өзін нашар сезінетін болады.
Айна — арудың қалтасынан түспейтін бұйымдардың бірі. Әрбір әйел заты күніне қарамадым дегенде, айнаға 20 шақты рет үңіледі екен. Әзірге айнаның пайдалы жағын білеміз. Бағзыдан айтылатын «Сынық айнаға қарауға болмайды» деген ырымның астарына үңіліп те қарамаймыз. Айнаның адам көңіл-күйіне тікелей әсер ететінін біріміз білсек, біріміз білмейміз деп хабарлайды KYN.KZ Америка ғалымдары сезімталдығы жоғары аппараттың көмегімен айнаның адам организміне әсеріне 15 жыл бойы зерттеу жүргізген. Сонда мынадай заңдылықты байқапты, егер адам күні бойы айнаға жиі-жиі қараса, кешкісін көңіл-күйі болмай, өзін нашар сезінетін болады. Біраз уақыттан кейін шаршау сезімі білінеді, есте сақтау қабілеті төмендейді. Өйткені айна адамның өмірлік күш қуатын өзіне тартып алып, ағзаны әлсіретеді екен. Ескі айна, әсіресе, басқа біреудің айнасы, қырсықтың көзі болып табылатыны айтылған. Ол адамның көңіл күйін, әсіресе, жағымсыз жақтарын «бойында ұстап қалады» да, оны айнаға қараған басқа адамға «жұқтырады». Бұдан құтылудың ежелден келе жатқан әдістерін американдық зерттеушілер айғақтаған. Айнаны күн сәулесі түсетін тұсқа қойса, айнадағы жаман энергия жоғалады-мыс. Содан соң айнаның бетін ауық-ауық сүртіп, тазалап отырыңыз. Айғыз айнадан бет-бейнеңіз ажарсыз көрініп, көңіліңізді құлазытуы мүмкін. Сондықтан айнаға қарамас бұрын оның бетіне үңілгеніңіз дұрыс.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар