Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ас содасы шашты жылтыратып, қайызғақтардан арылтады

Шашыңыз әдемі болсын десеңіз ас содасынмен жуып көріңіз.

16.01.2020
0
Ас содасы шашты жылтыратып, қайызғақтардан арылтады

 Кей бойжеткен бас терісінің тазалығын және бұрымның балғындығын сақтау үшін сусабынды ас содасымен бірге қолданады.

Мұндай әсер шашқа зиян емес, себебі көмір қышқылды натрий зақым келтірмейді. Шаш майлануының жоғарылығымен қиналатын адамдарға ас содасының өзін немесе сусабынмен бірге қолданса да тиімді.

Төменде ас содасы бар сусабынның пайдасы мен ерекшеліктерін KYN.KZ  сайты назарларыңызға ұсынады.

Бас терісіне арналған скраб

Көптеген дереккөздерде құрамында көмірқышқылы бар натрийді жекеше қолдануды ұсынады, алайда ластануды кетіруде ас содасы мен сусабынның қосындысы тиімдірек. Күнделікті жуатын сусабын мөлшеріне 1 шай қасық ас содасын қосыңыз.

Бұл әдістің нәтижесінде шашыңыз тазарып қана қоймай, бас терісіне скраб ретінде де жақсы әсер береді. Бас терісіндегі өліп қалған бөліктер табиғи жолмен түсіп қалады. Мұндай тазалаудан соң тері толық дем алады. Скрабты уақытылы қолдансаңыз, терідегі қан айналымы да ретке келеді.

Шашқа көлем беру

Шашқа көлем беретін арнайы құралға аздап ас содасын қосып, жақсылап араластырыңыз. Сол құралмен шашыңызды жуып, кептірсеңіз, көлемі ұлғайғанын байқайсыз.

Мөлшер

Жақсы нәтижеге жылдам қол жеткізу үшін ас содасының мөлшерін көбейтудің қажеті жоқ. Бір қолданысқа 1 шай қасық ас содасы жеткілікті. Егер шашыңызды бірнеше рет жуу керек болса, сусабынға тағы да ас содасын қосып процедураны қайталауға болады.

Ерекшеліктері

Ас содасы барлық сусабынға сәйкес келе бермейді. Шашқа арналған сусабынның табиғи негізде жасалған түрлерін таңдаған жөн. Шашқа арналған құралдарды сатып аларда оның құрамында парабен, фосфат секілді химиялық компоненттер пайызының аз болуын тексеріңіз. Ас содасын сусабынның көп мөлшеріне араластырып қоймаңыз. Әрбір шаш жуар алдында бір қолданатындай етіп қана араластырып, дайындап алыңыз.

Кері әсер

Ас содасы бар сусабынның шашты құрғатып жіберетін қаупі бар. Егер шашыңыздың ұшы өте құрғақ болса, мұндай әдістен бас тартыңыз немесе абайлап қолданыңыз. Ас содасы бар сусабынның шаш бояуын кетіретін және аздап ақшыл өң беретін қасиеті бар.

Бөлісу18Твит11
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1723 бөлісу
    Бөлісу 689 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1422 бөлісу
    Бөлісу 569 Твит 356
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    985 бөлісу
    Бөлісу 394 Твит 246
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    937 бөлісу
    Бөлісу 375 Твит 234
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    903 бөлісу
    Бөлісу 361 Твит 226
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    714 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1225 бөлісу
    Бөлісу 490 Твит 306
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.