Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыда бойжеткенді жеңгесі жезөкшелікке салмақшы болып 2 күн қамап ұстап, өлімші етіп сабаған

Денесінің сау тамтығы қалмаған қыз құлдықтан қашып шығып, жеңгетайларды ұстап берді

14.01.2020
0
Алматыда бойжеткенді жеңгесі жезөкшелікке салмақшы болып 2 күн қамап ұстап, өлімші етіп сабаған

Құлдықтан қашып құтылған қыз! Алматыда 25 жастағы бойжеткен өзін біреулердің ұрлап әкетіп, жөзекшелік жолға түсірімек болғанын айтып шағымданды.

Алматыда бойжеткенді жеңгесі жезөкшелікке салмақшы болып 2 күн қамап ұстап, өлімші етіп сабаған

Денесінің сау тамтығы қалмай таяқ жеген жәбірленушінің айтуынша, оны әуелі бір үйде соққыға жығып, кейін жеңіл жүрісті қыздардың ордасына алып барған. Ең сорақысы, бойжеткенді екі күн қамауда ұстағандардың бірі оның бұрынғы жеңгесі екен, деп жазды КТК.

Қатты соққыдан есеңгіреп әрең тілге келсе де, жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетіп берді.

Алматыда бойжеткенді жеңгесі жезөкшелікке салмақшы болып 2 күн қамап ұстап, өлімші етіп сабаған

«Зорлық-зобылықтың құрбаны болдым» деген 25 жастағы бойжеткеннің денесінің сау тамтығы қалмаған – басы жарылып, үсті-басы түгел қанталап кеткен. Ауыр соққыдан есеңгіреп, әлсіреп қалыпты. Солығын баса алмаған ол сол күнгі оқиғаны қорқынышпен еске алады.

Алматыда бойжеткенді жеңгесі жезөкшелікке салмақшы болып 2 күн қамап ұстап, өлімші етіп сабаған

Жәбір көрген қыз:

— Қарап тұрмаңдаршы, бәрің неге қарап тұрсыңдар?! Тамақ ішетін ожаумен, сосын тоқ ұзартқыштың бауымен буындырып, арқамнан яқпен теуіп, қолымен ұрып, тізесін батырды.

— Кім деген ұрды?

— Камила мен Аида ұрды.

Бойжеткеннің айтуынша, жұмыстан қайтқан бетінде оны ұрлап кетіп соққыға жыққандардың бірі туысқан ағасының бұрынғы әйелі екен. Ең сорақысы, қорғансыз жанды аяусыз тепкілегендер оны қорқытып-үркітіп, жеңіл жүрісті қыздардың қатарына қоспақ болыпты.

Жәбір көрген қыз:

— Жезөкше болып жұмыс жасайсың, істемесең, қағаздар жасап қойдым, апарып әкешешеңе көрсетемін деді. Кешкісін мені Северное кольцо 32/Д немесе Г, сол мекен-жайда автожуғыш бар, соның жертөлесінде жезөкшелер ұясы бар. Сол жерге алып барды.

Осылайша екі күн құлдықта болған ол ретін тауып, түн ішінде жақындарына хабарласқан. Өзін қай жерде күштеп ұстап отырғанын айтып үлгеріпті. Бірақ айтылған мекенге тәртіп сақшыларымен бірге жеткен туысқандары үйге кіре алмай, кері қайтыпты. Ал істің насырға шапқанын білген сыбайластар ертеңіне оны Сайран автобекетіне ертіп әкелген.

Әпкесі:

— Толық қыз сіңілімді жетектеп қасында келді. Сіңілімді көрдім. Құшақтап амандасқанда, «әпше, маған көмектесші, алып қашшы» деп жылады.

Алайда үйге жеткенше, белгісіз көлік аңдып келгенін айтқан әпкесі «сыртқа шығуға қорқамыз» дейді. «Екі жігіт торуылдап жүр» деген олар тек біздің көз алдымызда полиция шақырды. Ал тәртіп сақшыларына мән-жайды түсіндірген жәбірленуші өзін қай жерде күшпен ұстағанын көрсетіп берді.

— Қайсы?

— Мына жасыл қақпа. Қорқамын аға, кете берейінші, өтініш. Шығып қалса, қорқамын.

— Басқа қыздар болды ма?

— Иә, ішінде болды.

— Олар кім?

— Олар сол тәтеге жұмыс істейтіндер.

Жәбірленуші көрсеткен үй маңайында әп-сәтте сақшылардың қарасы  көбейіп, тіпті оқиға орнына жедел-тергеу тобы алып-ұшып жетті. Абыр-сабырды естіген көршілер бұл үйден талай рет жеңіл жүрісті қыздарды көргенін айтады. Ал алғашында қақпасын ашудан бас тартқан үй иесі, артынша полицейлерге тап берді.

Полицейлер үйдің ішін тінтіп, бірнеше адамды ішкі істер басқармасына алып кетті. Ал айдың күннің аманында зорлық көрген бойжеткен әлі де қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жасырмады.

 

Бөлісу18Твит11
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.