Овуляция кезеңін қалай білуге болады?
Овуляцияға 2-3 күн қалғанда жатыр мойнынан бөлінді пайда болады: тұнық әрі созылмалы, шикі жұмыртқаның ақ сұйығына ұқсайды. Овуляцияның тағы бір белгісі – жұмыртқаның біріндегі ауырсыну сезімі. Жұмыртқа жасушасы өлген немесе ұрықтанған кезде бөлінді қою болып, сіз оны байқамайсыз.
Әр етеккір(менструальный цикл) циклінде сіздің жүкті болуыңызға болатын бірнеше күн ғана болады оны аналық жасушаның жетілуі (овуляция) деп атайды. Жобамен әр екінші жұп жүктілікке әрекетті жайсыз уақытта жасайды. Өйткен олар осы қолайлы фертилді фазаның қашан келетінін білмейді. Фертилді фаза— бұл кемеліне жеткен ұрықтануға дайын аналық жасушаның құрсаққа келіп түсуі яғни әйелдің жүкті бола алатын уақыты. Егер еркектік ұрық қынапқа фертилді емес кезеңде түссе ұрықтану процессі жүзеге аспайды. Өйткені бұл фазада еркектік ұрықты ұрықтандыра алатын жетілген аналық жасуша болмайды. Сіздерде бұл күнді қалай анықтаймыз деген заңды сұрақ туған болар мақаланы ары қарай мұқият оқимыз. Сары дене гормонының бөлінуі Овуляцияның жақындауына қарай әйел ағзасы эстроген атты гормонды көп мөлшерде бөле бастайды. Бұл өз кезегінде жатырдың шырышты қабатының қалыңдауына әкеліп, еркектік ұрықтың орналасуына қолайлы орта жасайды. Ағзадағы эстрогеннің көптігі сары дене гормонының күрт көбейуіне әкеледі. Осындай құбылыстардың нәтижесінде аналық без жетілген аналық ұрық жасушасын бөліп шығарады- овуляция дегеніміз осы. Әдетте овуляция сары дене гормоны бөлігеннен кейін бір-екі тәулікте болады. Сондықтан да сары дене гормонының бөлінуі бала көтеруге қолайлы ең жақсы кезең яғни фертилді фаза. Овуляция белгілері: Температураның көтерілуі Әйел денесінің негіздік температурасы (қалыпты жағдайда) овуляцидан соң 0,4-10 °C көтеріледі. Әдетте мұндай кішкене өзерісті байқамауыңызда мүмкін бірақ дәл көрсететін термометрдің көмегімен анықтауға болады. Овуляция кезіндегі ауырсынулар: Шамамен алғанда бес әйелдің бірі овуляцияға байланысты ауырсынуларды сезінеді екен. Ауырсыну овуляцияның алдында, дәл сол кезеңде және одан соңда болуы мүмкін. Овуляция кезіндегі ауырсынудың бірнеше себептері бар. Тікелей овуляцияның алдында фолликуланың өсуіне байланысты ол аналық бездің беткі қабатын созуы мүмкін бұл өз кезегінде ауырсыну тудырады. Овуляция кезеңінде жарылған аналық жасуша фолликуласынан сұйықтық немесе қан бөлінеді және бұл құрсақ қабырғасының тітіркенуіне әкеліп соды. Ауырсыну бірінші айда бір жағыңыздан сезілсе келесі айда екінші жағыңыздан немесе екі жақтан бірдей бірнеше ай қатарынан сезілуі мүмкін. Әдетте мұндай ауырсыну бірнеше минутқа ғана созылады, кейде бірақ сирек жағдайларда ұзақтығы(1-2 тәулікке) созылады.