Бала өтірік сөйлегенде не істеу керек?
Жүйелі түрде өтірік айту бала өміріндегі қандай да бір жағымсыз жайттың бер екенін көрсетеді. Бұл баланың адамгершілік қасиеттерінің жетіспеушілігі емес, психологиялық мәселелерінің айғағы болып табылады.
Әр ата-ананың өмірінде ерте ме, кеш пе, баласының өтірік айтуына тап болатын кезең орын алады. «Маған өтірік айтуға қалай дәті барды? Мен оған сеніп едім ғой, тек жақсы әдеттерге үйреттім, ол менің сенімімді аяқасты етті, көңілімді қалдырды…», - деп балаларының аузынан өтірік сөз естіген ата-аналар ойлауы мүмкін. Олардың өтірігі махаббат пен сүйіспеншілікке шүбә келтіретін арам ниетті алдау болып көрінеді. Бала өтірік сөйлегенде не істеу керек?- деген сұраққа KYN.KZ сайты толықтай жауап береді. Өтірік айтудың алғашқы нышандары 2 жаста-ақ пайда болса да, 4 жасқа дейін балалар мүлдем өтірік айта алмайды. Олардың қисынды ойлау қабілеті түгелдей бір алдап соғу амалын ойлап табатын деңгейде дамымаған, басқа адамның көзқарасымен қарау қабілеті болмайды, өмірде жоқ жайттарды ойлап табу үшін қиялы әлі дамымаған. Олар шынайы өмірді қиялдан әрең ажыратады, көңілі тез бөлінеді және не істегенін немесе не айтқанын (және кәмпиттің қайда жоқ болып кеткенін) тез ұмытып қалады. Кейде балалар себеп пен салдарды шатастырып алады. (Олар құмыра сынып қалғандықтан, доп құлады деп шешуі әбден мүмкін.) Баланың өтірік айту сепептері:
- Кез-келген жаста өтірік айтудың басты себебі – қорқыныш. Бала жазаланатынынан қорқып, өтірік айтады. Жасаған қателіктері үшін жазаланбағанға дейін кішкентай балалар өз қателіктерін тез мойындайды. Егер балақай ата-анасының «Мұны істеген сенсің бе?» деген қатал сұрағына жауап қайтара алмай, үнсіз тұрса, демек, оның жазалануда тәжірибесі бар. Осы үнсіздік – шындығында, оның өміріндегі алғаш рет айтқан өтірігі. Балақай өзін ақтап алатындай оқиғаны әлі құрастыра алмайды, оған тек үнсіз қалу немесе жылау, немесе ақиқатты теріске шығару ғана қалады. Ата-ана тым қатал немесе әрекеттерінде тиянақсыз болуы мүмкін. Бала олардың артқан үміттеріне сай болу үшін тым шолжаң болуы мүмкін, ал ата-ана баланы сол қалпында қабылдауға қауқарсыз болуы мүмкін. Сонда бала өзін-өзі аман сақтау үшін өтірік айтуға мәжбүр болуы мүмкін. Мұндай өтірік айту үрей тудыруы тиіс, себебі, сіз бен балаңыз арасындағы сенім жоғалып барады, ол сізден қорқады.
- Балалардың өтірік айтуына шамадан тыс көп тыйым салу түрткі болуы мүмкін. Егер ересектер үнемі «болмайды» дей берсе, онда бала тым көп тыйымдарды және қалағанына қол жеткізе алмағанын көтере алмай, қулыққа барады. Осылайша, кішкентай өтірік арманындағысына қол жеткізудің тәсіліне айналады, себебі басқа жол жоқ немесе ондай жол әзірге түсініксіз.
- Маңызды себеп болып махаббат пен мақтауға ие болу ниеті табылады. Бала ата анасының мақтауын есту үшін шын мәнінде жоқ жетістіктерімен мақтана бастайды, әңгімесіне аздап өтірік қосып жібереді немесе жеткен жетістіктерін әсірелеп жібереді. Көбінесе, бұл жағдайға баласына тым көп талап қоятын ата-аналардың өзі кінәлі.
- Өтірік айту өзін-өзі таныту, ересектердің немесе балалардың көзіне ерекше болып көріну ниетімен байланысты болуы мүмкін. Құрдастарының жетістіктеріне жауап ретінде бала өзінің ойдан шығарылған ерліктері, ата-анасының байлығы және т.с.с. (өзін-өзі төмен бағалау нышаны болуы мүмкін) туралы айтып беруі мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан балалар өтірікті жиірек айтады. Негізді себептерге байланысты оларға құрдастарымен оқуда, ойыншықтар санында, уақытты қызықты өткізуде бәсекелес болу қиынға соғады, олар өз мәртебесін өтірік айтумен демеп отырады.
- Өтірік айтуға, сондай-ақ, баланың намысына тию де себепші болуы мүмкін. Мысалы, егер бала өзін ренжіткен адамдарға жауап қайтара алмаса, ол өзін батыр етіп көрсететін оқиғалар ойлап таба бастауы мүмкін. Мұндай оқиғалар психотерапиялық әсерге ие және балақайға шындықты жеңуге көмектеседі.
- Көбінесе балалардың өтірік айтуына ересектердің оны сыпайы, мейірімді, зиялы адам етіп тәрбиелеуде алдына жан салмауы себеп болуы мүмкін. Тек ізгі ниетпен ғана ата-анасы баласына өз сезімдерін жасыруды үйретеді, оған (өздеріне де) жағымсыз сезімдері туралы айтуға тыйым салады. Мысалы, бала бауырын жақсы көрмейтінін айтса, оның еститіні: «Олай деуге болмайды!»
- Балалардың өтірік айтуына бала сөздердің әрекеттерге сай бола бермейтінін, ал берген уәделер тез ұмытылатынын көргендегі ересектер көрсеткен мінез-құлық үлгісі себепкер болуы мүмкін. Бала өзінің алданып жүргенін білген күн ата-ана абырой-беделінің күл-талқаны шығатын күнге айналады. Сол күннен бастап, ол өзіне іштей ересектерге қатысты дәл өздері сияқты әрекет етуге рұқсат береді (онысын саналы түрде сезінсе де, сезінбесе де, маңызы жоқ). Есте сақтаңыз, еліктеу баланы үйретудің ең маңызды тәсілдердің бірі, ал ата-ана – еліктеу үшін басты үлгі.
- Балалар жолдасын қорғау үшін немесе ренжітпеу үшін өтірік айтуы мүмкін, бұл «құтқару үшін өтірік айту» деп аталады.
- Әрі, әлбетте, бала қасарысып өтірік айтуы мүмкін. Балалар өтірік айту ересектердің шамына тиетінін жақсы сезеді және кейде сол үшін – ата-анасының ашуын келтіру үшін, тіпті жазаланса да, өтірік айтады.