Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бала ұрлық жасаған кезде ата-ана не істеу қажет?

Егер бала көзіне түскеннің барлығын ала беретін болса, бұл – қауіпті белгі. Көбінесе, ол затты қашан және кімнен алғанын есіне түсіре алмайды, не үшін алғанын да түсіндіре алмайды. Өзіне мүлдем қажетсіз заттарды да алады, алған бетте тастай салады немесе жоғалтып алады. Бұл жүйке жүйесіндегі бірқатар бұзылушылықтардың көрінісі болуы мүмкін, сондықтан, дәрігер-психиатр көмегіне жүгінген жө

16.01.2020
0
Бала ұрлық жасаған кезде ата-ана не істеу қажет?

8 жасқа дейін, әдетте, бұл тек баланың жеткілікті дәрежеде жетілмегенін ғана білдіреді. Ол жеке меншік ұғымын әлі түсінбейді, өзінің әрекеті сырттан қалай көрінетінін және оған қандай жаза қолданылатынын ұғына бермейді. Оның түсінігінде ол тек өзіне ұнағанды ғана алады және бұл әрекетінен ешбір сөкеттік таппайды (ал жасөспірімдер, керісінше, теріс қылық жасағанын түсінеді). KYN.KZ  сайты балалар ұрлық іс-әрекетіне не үшін баратындығын талқылап көрсетеді.

Кейде ұрлық ақша және құнды заттар көз алдында жатып, бала үшін тым қызықты болғандықтан жасалады.

Ұрлық ерік-жігер қасиеттерінің жеткілікті дамымауымен байланысты болуы мүмкін: егер әлденені жан-тәнімен қаласа, өз-өзіне «жоқ» деп айта алмайды. Мұндай балаларға өз әрекеті үшін ұялса да, қызығушылығын жеңу қиынға соғады.

Көптеген балалар өздерін ешкім жақсы көрмейді деп ойлағанда және өздерін ешкімге керексіз сезінгенде ұрлық жасай бастайды. Олар өздеріне ешкім қамқорлық көрсетпегендіктен, айналасындағыларға зиян келтіруге құқылы деп есептейді.

Мұндай жағдай бала үйде де және өзге балалардың ортасында да өзінің кемсітілгенін, қауқарсыздығын сезінгенде туындауы мүмкін. Ұрланған заттар қатарластары арасында «мәртебе сатып алуға» жұмсалады. Балалар өз аға-інілерінің және әпке-сіңілі қарындастарының заттарын қызғаныштан ұрлауы мүмкін. Жасөспірімдер ұрлықты жан түршіктірер әсерлер алу үшін немесе өздерін «мықты» сезіну үшін жасауы мүмкін. Баланы ұрлық жасауға өзі араласатын ортасының нашар болуы итермелеуі мүмкін.

Ата-ана не істеуі қажет?

  1. Балаға майда-шүйде шығындарына ақша беріңіз, одан қаржылық қажеттіліктері туралы сұрай жүріңіз. Ақша мен құнды заттарды баланың қолы жетпейтін жерлерде ұстаңыз. Егер әлдебір бұйымыңыз жоғалса, «қылмыскерді» ұстауға емес, сол бұйымның орнын толтыруға көбірек назар аударыңыз. Балаға күнделікті майда-шүйде шығындарына берілетін ақша сомасын қысқартсаңыз болады немесе сатып алғалы отырған жаңа затты алмай қоюыңызға болады. Балаға ұрланған затты қайтаруға және абыройын сақтап қалуға мүмкіндік беріңіз.
    Ешкімді айыптамай: «Бұл затты кім алғанын білгім де келмейді, бірақ, ол қайтарылуы тиіс. Ол бір сағат ішінде табылады деп үміттенемін» деп айтыңыз.
  2. Балаңызға деген сүйіспеншілігіңізді көрсету жолын табыңыз. Балалар мен ата-аналар арасында өзара сенім және құрмет болуы маңызды – тек сонда ғана сіз балаңыз үшін беделдітұлға бола аласыз және бойына адамгершілік және адалдық қасиеттерін сіңдіре аласыз. Балаға барлығының көзінше ұрсуға, оны масқаралауға болмайды, әйтпесе, бір рет жаза басқан әрекет тұлғаның болмысына айналады – «үлкендер айтса, демек, мен шын мәнінде сондай жаманмын». Кейін өз-өзіне сенбеу, ызақорлық, өзінің бұзылғанына сенімділігі өршіп кетуі мүмкін.
  3. Балаңыз ұрлық жасағанына сенімді болсаңыз, «ұрлық жасаған сенсің бе? Қалай ғана дәтің барды!» деп, оны тергеуге алудың қажеті жоқ. Жай ғана келесідей айтыңыз: «Ол затты сен алғаныңды білемін. Мен де бала кезімде солай істегенмін. Бірақ істегеніме қатты ұялдым, қатты қысылдым! Сен де өзіңді солай сезініп тұрсың ба?». Баланы айыптамай, орын алғанбір сәттік қызбалықпен өзге адамдардың сезімдері туралы біле бермейді жайтқа қатысты оның сезімдері және көзқарасы туралы сұрақтар қойыңыз. Көбінесе, балалар және ойланбайды.
  4. Баланы ұрлаған затын иесіне қайтарып беруге көндіріңіз. Жазалаудың және айыптаудың орнына оның қатты ұялатынын және қиналатынын түсінетініңізді көрсетіңіз.
  5. Балалар ата-анасының махаббаты мен құрметінен айырылмай, қатесін түзете алатынын және абыройын сақтап қала алатынын сезінуі тиіс.
  6. Олар, сондай-ақ, жаман адамға айналғанын емес, тек жаман қылық жасағанын түсінуі тиіс.

 

Бөлісу12Твит8
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3842 бөлісу
    Бөлісу 1537 Твит 961
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2110 бөлісу
    Бөлісу 844 Твит 528
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1678 бөлісу
    Бөлісу 671 Твит 420
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1589 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 397
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1475 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1437 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 359
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.