Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Баламен бірге кітапты қалай оқу керек?

Балаға туылған күннен бастап кітап оқу маңызды. Балаларға дауыстап оқыңыз, ән айтыңыз, кітаптардағы суреттерді көрсетіңіз.

16.01.2020
0
Баламен бірге кітапты қалай оқу керек?

Күнделікті дауыстап кітап оқып үйренбеген жандарға ертегілер мен оқиғаларды дауыстап оқу таңсық, жат нәрсе болып көрінуі мүмкін. Кітап оқу сізге жат көрінгенімен, кітап оқуды жақсы көрмесеңіз де, балаңызға кітап оқудан бас тартпаңыз. Балалар кітап оқығанды ұнатады, олар оқиғаны тыңдап отырғанда көп қиялдайды, сондықтан сізді сынамайды. Баламен бірге кітапты қалай оқу керек? қай жасынан оқу керек? деген сияқты біраз сұраққа KYN.KZ сайты жауап береді.

Бала қай жасында кітап оқуды бастауы керек?                                                                          Балаға туылған күннен бастап кітап оқу маңызды. Балаларға дауыстап оқыңыз, ән айтыңыз, кітаптардағы суреттерді көрсетіңіз. Бала үшін кітап ата-анасын еске түсіртетін болады. Ең жақын жандары болып табылатын ата-аналары үшін кітаптың маңызды екенін көрген бала, кітапты жақсы көре бастайды, мұқият тыңдап, сіз оқыған кітаптардан ләззат ала бастайды.

Ата-аналарға кеңес. Кітапты қалай оқу керек?
• Мамандар балаға 3 айлық кезінен кітап оқи бастауға кеңес береді.
• 1 жасқа дейінгі сәбиге кітап оқу кезінде оны алдыңызға алғаныңыз жөн. Дамуға арналған кітап-ойыншықтың беттерін бірге ауыстырып, әрбір беттегі суреттерге жеке тоқталғаныңыз дұрыс.
• Уақыт өте келе беттері қалың кітаптарды интерактивті кітаптарға ауыстыруға болады.
• Суреттері бар кітапты оқу кезінде суретті нұсқап, атын айтыңыз, сол кезде бала сөз бен суреттің бір екенін түсініп, екеуін байланыстырады. Сондай-ақ, баланың сөздік қорын кеңейтуге септігін тигізеді.
• Кітап оқу барысында басты кейіпкерге тән мінез-құлық пен дауыстарды сомдауға ұялмаңыз. Қасқыр болса-қасқырша ұлып, ит болса-үріп, қыңсылуға болады.
• Кітап оқуға отырған кезде баланың көңілін бөлетін басқа заттарды (ұялы телефон, теледидар т.б. ) алып тастаңыз.

Балаларға кітапты қаншалықты жиі, әрі ұзақ оқу керек?
• Қаншалықты жиі және ұзақ оқуыңыз балаңыздың сабырлығы мен шыдамдылығына байланысты. Кітап оқуға баулудың алғашқы кезінде балаңыз кітап оқуға қызығушылық білдіре қоймайды, сондықтан бірнеше минут отыруы мүмкін, бірақ кітап оқуды әдетке айналдырсаңыз, баланың кітап тыңдауға құлшынысы оянып, ұзағырақ отыруы мүмкін. Сондай-ақ, сіздің үнемі кітап оқуды ұсынуыңыз, бастамаларыңыз бен әртістік қабілеттеріңіз балаға кітап оқудың қызық екенін сезіндіруі мүмкін.
• Сіз неғұрлым көп оқитын болсаңыз, соғұрлым кітап оқу баланың да күнделікті ісіне, әдетіне айналады. Мамандардың кеңесіне сүйенсек, мектепке дейінгі жастағы балаларға күндіз немесе кешке, ал бастауыш мектеп оқушыларына ұйықтар алдында, түнде ертегі оқығаныңыз дұрыс.

Бөлісу15Твит9
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3858 бөлісу
    Бөлісу 1543 Твит 965
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1687 бөлісу
    Бөлісу 675 Твит 422
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.