Басты жаңалықтар

Босанған әйел қалай дұрыс тамақтануы керек?

Босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге мынадай теңгерімді тағам қажет: сүт, жаңа үзілген жеміс-жидектер, көкөніс, ет, балық, жұмыртқа, дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдастар. Бұл тағамдардың бәрі жүктілік кезеңде және бала емізіп жүрген кезде тамаққа қолдануға қауіпсіз.

Егер әйелдің дені сау және жүкті болғанға дейін жақсы тамақтанған болса, ана мен балаға жүктілікке байланысты төнетін қатер айтарлықтай аз болады. Барлық әйелдер жүкті болған және бала емізген кезде неғұрлым ұзақ демалуды, темір және фолий қышқылымен байытылған құнарлы қоспаларға, құнарлы заттарға бай тағамды көп мөлшерде тұтынуды қажет етеді және сәбилерінің ақыл-ойының дұрыс дамуын қамтамасыз ету үшін йодталған тұз қабылдауға тиіс деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге мынадай теңгерімді тағам қажет: сүт, жаңа үзілген жеміс-жидектер, көкөніс, ет, балық, жұмыртқа, дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдастар. Бұл тағамдардың бәрі жүктілік кезеңде және бала емізіп жүрген кезде тамаққа қолдануға қауіпсіз. Әйелдер ет, балық, жұмыртқа, көкөніс және жеміс-жидекті тағамға көбірек пайдаланатын болса, өздерін күштірек әрі денсаулықтары мықты сезінеді. Мұндай азық темірге, А дәруменіне және фолий қышқылына бай. Босанғаннан кейін әйелдерге сондай-ақ жақсы тамақтану, тамақты көбірек ішу және көбірек демалу қажет. Бала емізетін аналарға күніне қосымша 500 калория керек, ол қосымша тамақ ішкенмен бірдей. Босанғанға дейін әйелдер консультациясына барған кезде білікті медицина қызметкерлері жүкті әйелдерге қан аздығының алдын алу және емдеу үшін темір, фолий қышқылы секілді арнайы қоректік қоспалары бар препараттарды қабылдауға кеңес беруі мүмкін. Медицина қызметкері сондай-ақ жүкті әйелде гемеролопияның (ақшамсоқыр) болу/болмауын тексереді, қажет болған жағдайда, ұрықтың дұрыс дамуы үшін А витаминінің тиісті дозасын береді. Егер жүкті әйел өзін қан аздығымен ауырамын деп санаса, білікті медицина қызметкерінен консультация ала алады. Отбасы тағамға йод қосылған тұзды пайдалана алады. Йод сәбидің ақылесінің дамуы үшін әсіресе жүкті әйелдің рационына қажет. Қалқанша безінің ұлғаюы (жемсау) организмде йод жетіспеушілігінің белгісі болып табылады. Йод жетіспеушілігі әйел үшін әсіресе жүктілік басталған кезде, ал бала үшін ерте жаста әсіресе қауіпті. Рационында йод жеткіліксіз әйелдер ақыл-ой немесе дене бітімінің дамуында кемістігі бар бала туу қаупіне көбірек ұшырайды. Йодтың айқын жетіспеушілігі кретинизмнің (дене бітімі мен психиканың дамымай қалуы), өлі туудың, түсіктің және бала өлімі қаупінің жоғары болу себебіне айналуы мүмкін.