Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Босанған әйел қалай дұрыс тамақтануы керек?

Босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге мынадай теңгерімді тағам қажет: сүт, жаңа үзілген жеміс-жидектер, көкөніс, ет, балық, жұмыртқа, дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдастар. Бұл тағамдардың бәрі жүктілік кезеңде және бала емізіп жүрген кезде тамаққа қолдануға қауіпсіз.

17.01.2020
0
Босанған әйел қалай дұрыс тамақтануы керек?

Егер әйелдің дені сау және жүкті болғанға дейін жақсы тамақтанған болса, ана мен балаға жүктілікке байланысты төнетін қатер айтарлықтай аз болады. Барлық әйелдер жүкті болған және бала емізген кезде неғұрлым ұзақ демалуды, темір және фолий қышқылымен байытылған құнарлы қоспаларға, құнарлы заттарға бай тағамды көп мөлшерде тұтынуды қажет етеді және сәбилерінің ақыл-ойының дұрыс дамуын қамтамасыз ету үшін йодталған тұз қабылдауға тиіс деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге мынадай теңгерімді тағам қажет: сүт, жаңа үзілген жеміс-жидектер, көкөніс, ет, балық, жұмыртқа, дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдастар. Бұл тағамдардың бәрі жүктілік кезеңде және бала емізіп жүрген кезде тамаққа қолдануға қауіпсіз.

Әйелдер ет, балық, жұмыртқа, көкөніс және жеміс-жидекті тағамға көбірек пайдаланатын болса, өздерін күштірек әрі денсаулықтары мықты сезінеді. Мұндай азық темірге, А дәруменіне және фолий қышқылына бай.

Босанғаннан кейін әйелдерге сондай-ақ жақсы тамақтану, тамақты көбірек ішу және көбірек демалу қажет. Бала емізетін аналарға күніне қосымша 500 калория керек, ол қосымша тамақ ішкенмен бірдей.

Босанғанға дейін әйелдер консультациясына барған кезде білікті медицина қызметкерлері жүкті әйелдерге қан аздығының алдын алу және емдеу үшін темір, фолий қышқылы секілді арнайы қоректік қоспалары бар препараттарды қабылдауға кеңес беруі мүмкін. Медицина қызметкері сондай-ақ жүкті әйелде гемеролопияның (ақшамсоқыр) болу/болмауын тексереді, қажет болған жағдайда, ұрықтың дұрыс дамуы үшін А витаминінің тиісті дозасын береді.

Егер жүкті әйел өзін қан аздығымен ауырамын деп санаса, білікті медицина қызметкерінен консультация ала алады.

Отбасы тағамға йод қосылған тұзды пайдалана алады. Йод сәбидің ақылесінің дамуы үшін әсіресе жүкті әйелдің рационына қажет. Қалқанша безінің ұлғаюы (жемсау) организмде йод жетіспеушілігінің белгісі болып табылады.

Йод жетіспеушілігі әйел үшін әсіресе жүктілік басталған кезде, ал бала үшін ерте жаста әсіресе қауіпті. Рационында йод жеткіліксіз әйелдер ақыл-ой немесе дене бітімінің дамуында кемістігі бар бала туу қаупіне көбірек ұшырайды.

Йодтың айқын жетіспеушілігі кретинизмнің (дене бітімі мен психиканың дамымай қалуы), өлі туудың, түсіктің және бала өлімі қаупінің жоғары болу
себебіне айналуы мүмкін.

Бөлісу302Твит189
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2070 бөлісу
    Бөлісу 828 Твит 518
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2108 бөлісу
    Бөлісу 843 Твит 527
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1778 бөлісу
    Бөлісу 711 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1182 бөлісу
    Бөлісу 473 Твит 296
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1173 бөлісу
    Бөлісу 469 Твит 293
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    853 бөлісу
    Бөлісу 341 Твит 213
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    738 бөлісу
    Бөлісу 295 Твит 185
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.