Басты жаңалықтар

Ішімдік пен темекінің іштегі балаға зияны

Егер жүкті әйел шылым шегетін болса, онда оның сәбиі негізінде салмағы жетіспей туылады және жөтел, суық тию, тамағы ісу, пневмония және басқа тыныс салу ағзаларының ауруларымен ауырады.

Егер жүкті әйел шылым шегетін болса, онда оның сәбиі негізінде салмағы жетіспей туылады және жөтел, суық тию, тамағы ісу, пневмония және басқа тыныс салу ағзаларының ауруларымен ауырады деп жазады KYN.KZсайты. Жүкті әйел ішімдік немесе есірткі пайдаланатын болса, өзінің денсаулығы мен ұрықтың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Бұл заттар баланың дене бітімі мен ақыл-ойының дамуына барынша әсер етуі мүмкін. Болашақ ана жүктілікті жоспарлаған бойда немесе жүктімін деп күдіктенсе, сол бойда ішімдіктен және/немесе есірткіден бас тартуға тиіс. Егер олардан бас тарту қиын болса, оған денсаулық орталығының немесе есірткіге тәуелді және таксикомания-мен әуестенетін адамдарға көмектесетін ұйымдардың білікті медицина қызметкерлерінен медициналық консультация немесе қолдау алу қажет. Егер дәрінің өмірлік маңызы бар әрі медицина қызметкері жазып берген жағдайда болмаса, жүкті кезінде әйел дәрі ішпеуге тиіс. Ұрпақ әкелетін жастағы әйелдің, жүкті әйелдің сәбиі мен ерте жастағы балалардың дене бітімі мен ақыл-ойының дамуы үшін оларды темекі түтінінің немесе ас үйдің қоңырсыған иісінің, пестицидтердің, гербицидтердің және өзге улардың, сондай-ақ кейбір сумен жабдықтау жүйелерінің құрамында болатын қорғасын секілді экологияны ластаушы заттардың, автомобильдердің пайдаланылған газдарының және кейбір бояулардың әсерінен қорғау қажет.