Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Адам ағзасына магний жетіспегенде пайда болатын ауру түрлері

Адам ағзасына магний жетіспегенде пайда болатын ауру түрлері
ашық дереккөз
Магний қан тамырларының тәртіп сақшысы іспеттес. Натрий мен кальций шамадан тыс «тәртіп бұзса», ағзадағы магнийдің жоқтығы деп біліңіз.
Магний біздің ағзамызда өмір сүреді. Бірақ оның қасиетімен тек химия сабағында ғана таныстық. Менделеев кестесінің 12-элементі магний біздің ағзамызда өмір сүрмесе, организмімізде қандай өзгеріс болар еді? KYN.KZ сайты адам ағзасына магний жетіспегенде пайда болатын ауру түрлерін атап өтеді. ⠀ Жүйке жүйесі: Қит еткен нәрсеге жүйкеңіз сыр бере ме? Онда ағзада магнийдің ташылығы деп түсініңіз. Жүйке жүйесін реттейтін бір элемент осы магний. ⠀ Күйзеліс: Жиі әрі қатты уайымдайтын адамдардың қанында адреналин артады. Ал кортизол атты бүйрекүсті безі күйзеліс гармонын бөледі. Бұл гармон ағзадағы магнийді ығыстырып шығарады.. Түнгі ұйқының бұзылуы: Көзіңіз тартылса немесе түнде ұйықтап жатып, денеңіз құрысса, ұйқыға кету де, ұйқыдан тұру да қиын болып кетсе, ұйқысыздық басса, ағзадағы магний мөлшерінің күрт төмендегені деп біліңіз.. Жүрек соғысының жиеленуі: Жүрек соғысынан байқалатын ақау – аритмия. Аритмия қандағы магнийдің аздығын білдіреді. Әдетте, магний қан тамырларының жүйесінде натрий мен кальцийдің қызметін қадағалайды. Магний қан тамырларының тәртіп сақшысы іспеттес. Натрий мен кальций шамадан тыс «тәртіп бұзса», ағзадағы магнийдің жоқтығы деп біліңіз. ⠀ Бөлке мен кофе: Магний көмірсуды бөлуге көмектеседі, яғни ағзадағы глюкоза мөлшерін қадағалайды. Егер сіз күнде тәтті бәліш жеп, кофе ішетін болсаңыз, магний бұл қызметін тоқтатады. Бұл екеуі азық болатын болар, бірақ кофенің шамадан тыс зәр шығару қасиеті мен бәліштің көмірсуы ағзадан магнийді ығыстырады. ⠀ Артық салмақ Ағзада магний мен калий азайса, зат алмасу процесі бұзылады: организмге ақуыз, май, көмірсу секілді заттар сіңірілмей қалады. Бұл дегеніңіз, артық салмақтың жиналуы. ⠀ Беттің бозаруы Көздің астындағы көгеру, ісік − магнийдің жетіспеушілігінен. Қан айналымның дұрыс жүруін осы магний қадағалайды, магний жетіспесе, бет-әлпетіңіз сұрғылт тартады. ⠀ Магний... Магний жаңғақ, пісте, үрмебұршақ, бұршақ, кепкен жемістер, какао, сұлы, қарақұмық, бидай, сәбіз, қызылша, банан құрамында болады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар