Үй жағдайында тырнақты қалай күтуге болады?
Тырнағыңыз берік әрі әдемі болу үшін не істеу керектігін біле жүріңіз
Кез келген ару əрқашан маникюр жасап, тырнақты өсіргенді жақсы көреді. Ал тырнақтары сынғыш қыз-келіншектер тырнақтарына қажетті күтім жасаса тырнақтары əдемі ұзын болып өседі. Ендеше салонға барып көп қаражат жұмсағанша үй жағдайында да тырнаққа күтім жасауға болады. Тырнақ күтіміне байланысты KYN.KZ дайындаған үй жағдайында орындауға болатын кеңестерден хабардар болыңыз. Зәйтүн майы Екі -үш ас қасық зәйтүн майына лимон шырының бірнеше тамшысын және 2 тамшы йодты қосып араластырыңыз. Бұл қоспаға тырнағыңызды 5-10 минут ұстаңыз. Соңынан сабынсыз сумен шаю жеткілікті болады. Өсімдік майы Өсімдік майына лимонның шырыны немесе лимонды эфир майы қосылған қоспа. Дайындалуы: үш ас қасық өсімдік майы, екі тамшы эфир майы немесе 3-4 тамшы лимон шырыны. Бұл масканы 10 күн жасаңыз. Е витамині Дәріханадан әдеттегі капсуладағы Е витаминін сатып алыңыз. Күн сайын кешке тырнағыңызға жақсаңыз, тырнақ қатайып, сынбайтын болады. Бұл процедураны бір ай бойы жасау, жақсы нәтиже береді. Балауыз Табиғи балауыз тырнағыңызға өте пайдалы. Маска түнде жатар алдында жасалады. Алдын ала бір ыдысқа суық су құйып, бір ыдысқа балауызды буға ерітіп дайындаңыз. Еріген балауызға саусақтарыңыздың ұшын мала қойыңыз. Содан дереу суық суға сала қойыңыз. Саусақтарыңыздың ұшындағы балауыз қатып қалады. Енді сыртынан қолғап киіп, ұйықтай беріңіз. Процедураны аптасына екі рет жасау жеткілікті. Ал барлығы 6 процедура болуы тиіс. Қандай дәрумендер қажет? Әрине, дәрумендердің басым бөлігін біз өзіміз тұтынатын тағамдардан ала аламыз. Бірақ ол үшін тамақтану роционының дұрыс болғаны маңызды. А және Е дәрумені жастықты сақтауға көмектеседі. Оны тағамдардан бөлек, арнайы таблеткаларды ішіп арттыруға болады. А дәрумені – тырнақты жылдам өсіруге және түрінің жақсы болуына көмектеседі. Оны сәбіздің, асқабақтың құрамынан таба аласыздар. В дәрумені – тырнақтың беріктігіне, қатаюйына септігін тигізеді. Ол үшін орамжапырақ, бұршақты дақылдар мен жұмыртқаны, етті көбірек жеу керек.