Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Серіктестік босануға күйеуінің кіргені дұрыс па?

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, босанатын әйелге ең жақын серіктес – оның күйеуі екен. Ол босанып жатқан әйелді де, іштегі баланы да ойлап тұратын болып шықты. Ал босанып жатқан әйелдің анасы осынау жауапты сәтте тек өз қызының қамын жеп, әлсіздік танытқан.

18.01.2020
0
Серіктестік босануға күйеуінің кіргені дұрыс па?

Husband Supporting Wife Through IVF Treatment

Әйел босанған кезде жанында дәрігерлерден бөлек, туысының немесе жақындарының бірінің болуы туралы айтыла бастағанда әсіресе қазақ қоғамы үшін бір жат дүние болып көрінеді. Десек те қазір «серіктестік босану» деп аталып жүрген бұл процесс қалыпты, тіпті кейбіреулер үшін міндетті жағдайға айналғандай. Дәрігерлердің өзі босану алдында серіктес адамның болуы міндетті болмаса да, «болғаны жақсы еді» деп жатады. Ал серіктестікке күйеуінің кіргені дұрыс па?- деген сұраққа KYN.KZ сайты жауап береді.

Серіктестік босанудың жалпы артықшылықтары:

Серіктестік босанудың артықшылықтарын айтқанда процестің психологиялық құрамдастарын да ескерген жөн. Босану залында серіктесімен бірге жатқан әйел қорықпайды, сабырлы, көп айғайламайды және көңіл күйі тамаша болады.

Күйеудің қатысуымен босану:

Әйелдің қасына еріп барған еркек не істеуі керек? Мұндайда ол әйеліне ауырғанды басатын массаж жасап, жылы сөздерімен сабырлыққа шақырып, бәрі жақсы болатынына сендіріп, көңілін көтеру арқылы көп көмегін тигізе алады.

Әрине, ол үшін ер азаамат психологиялық тұрғыда дайын және кез келген тосын жайға әзір болуы тиіс. Дәрігерлердің айтуынша, ер адам баланың дүниеге келуінен түбегейлі хабардар болып, әйелімен бірге дайындалған кезде ғана босану процессінен жақсы өте алады. Яғни, жүктілікке қатысты сабақтарға бірге барып, кітап оқып, УДЗ-ға бірге келіп жүрсе, бәрін түсінеді. Бірақ ондай белсенділіктің өзі кейде дұрыс нәтиже бермеуі мүмкін. Себебі еріңіздің босану сәтіндегі жай-күйін ешкім де болжай алмайды.

Күйеуіңіз төмендегідей әрекеттер көрсетсе үйде қалғаны жақсы:

  • дәрігерлерге нұсқау беріп, бәріне басшылық жасамақ болса;
  • әрдайым өзінен күмәнданып, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдай алмайтын болса;
  • шектен тыс эмоционалды, тіпті, есінен танып қалуы мүмкін болса;
  • күйеуіңіз босануға сіз үшін емес, ондағы төтенше жағдайды көруге барса;
  • босану бөлмесіне сіздің көңіліңіз үшін ғана еріксіз барса.

Күйеуінің бірге кіргеніне шариғат не дейді?

Серіктеспен босануға шариғат бойынша ешқандай тыйым салынбаған екен.

«Ер адамның әйелімен бірге кіргенінде еш сөкеттік жоқ. Шариғат бойынша ешқандай тыйым салынбаған, бірақ міндеттелмейді де. Себебі ерлі-зайыптының арасында әурет, ұятты жер деген мәселе жүрмейді. Бірақ, міндетті түрде қатысуы керек деп те айтылмаған», — дейді Қарағанды облысы Әнет баба мешітінің наиб имамы Ысқақ Әбдірахманов.

Бөлісу16Твит10
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3859 бөлісу
    Бөлісу 1544 Твит 965
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1687 бөлісу
    Бөлісу 675 Твит 422
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.