Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Баланы дұрыс емізудің тəртібі

Нәрестені туған бойда анасының кеудесіне жатқызып, бір сағаттан кешіктірмей емізеді.

18.01.2020
0
Баланы дұрыс емізудің тəртібі

Бала емізу адамзаттың ежелгі заманнан бері ұстанып келе жатқан және денсаулыққа өте пайдалы дәстүрлерінің бірі. Қазақтың «Ана сүті – бал» дегеніндей, адам өмірінің алғашқы 6 айы ішінде ана сүтіне тең келер ешбір ас жоқ. KYN.KZ сайты бала емізудің дұрыс тəртібін назарларыңызға ұсынады.

Туа салысымен нәрестені анасының кеудесіне жатқызып, емшек беру сүттің шығуына жақсы әсер етеді. Емшек емізу босанғаннан кейін көп мөлшерде қан жоғалту қаупін азайта отырып, жатырдың жиырылуына және бала плацентасының (жолдасының) түсуіне көмектеседі.

Босанғаннан кейін ананың емшегінде пайда болатын сарғыш түсті уыз сүт нәрестенің айрықша қажеттіліктеріне сәйкес келеді, құрамы ерекше, бірегей. Оның құрамында негізінен антиденелерде болатын белок көп, ол нәрестені инфекциялардан қорғауға көмектеседі.

Аналарға кейде сәбиге уыз сүтін емізбеу туралы кеңес береді. Бірақ бұл – қате берілетін кеңес. Нәрестелер үшін уыз сүт – теңгерімді тамақтану мен «алғашқы иммундаудың» алтын стандарты.

Ана сүті көп мөлшерде құйылып келіп жатқанда, балаға басқа ешқандай тамақ немесе ішетін сұйықтық берудің қажеті жоқ. Балаға қосымша тамақ беру емшек сүтінің шығуын баяулатып, диарея немесе басқа инфекциялардың пайда болу қаупін арттырады.

Сәбиді емшек сұраған кезде күндіз де, түнде де жиі әрі ұзақ емізу қажет, бұлай емізу оның емшек сүтін қанша рет сұраса, сонша рет емізу арқылы қажеттілігін қанағаттандырады.

Ана сүті салмағы жетіспей туған сәби үшін де ең нәрлі тамақ болып табылады. Алайда нәрестелердің барлығы бірдей өмірінің алғашқы күндері емшек еме алмайды. Олар үшін тамақтандырудың басқа жолдарын қолдануға болады (артықшылық беруге байланысты): сауылған ана сүті, донор сүті (егер донор АИТВ-ға тексерілген және сүт термиялық тұрғыдан дұрыс өңделген болса ғана), сүт қоспасы. Сүтті және қоспаларды тостағанға құйып, қасықпен немесе медициналық мекемелерде медицина қызметкерлері қолданатын медициналық мензуркалармен беру керек.

Донорлық емшек сүтін термиялық өңдеуден өткізу қажет. Мөлшері бір рет беруге жарайтын тостағанға құйылған сауылған емшек сүтін су құйылған кәстрөлге салып, су қайнағанша қыздырады, одан соң сүтті суытып, баланы тостағаннан тамақтандырады. Білікті медицина қызметкері емшек сүтін сүзу және жылыту арқылы өңдеуден өткізу бойынша егжей-тегжейлі ұсынымдар бере алады.

Босанғаннан кейін ана мен бала үшін жасалатын ең жақсы жағдай олардың бір палатада бірге болуы болып табылады. Перзентханада немесе ауруханада босанған жағдайда ана сәбиінің тәулік бойы өзінің қасында бірге болуын талап етуге құқылы. Ол сәбиін емізетін болса, ондай жағдайда балаға тамақ немесе су бермеуін табанды түрде талап етуге құқылы.

Баланың кеудеде дұрыс жатуының белгілері:
• голова баланың басы мен денесі бір сызықтың бойында жатуға;
• анасының бауырына басылып жатуға;
• бүкіл денесімен анасына қарап жатуға тиіс;
• емшектің үрпісі баланың мұрнына қарама-қарсы жатады.

Баланы кеудеге дұрыс басу белгілері:
• аузы кең ашылып, еріндері сыртқа қарай түріліп тұруға;
• тілі аузының төменгі бөлігінде тұруға;
• баланың иегі мен мұрны анасының омырауына тиіп жатуға;
• үрпінің айналасындағы дөңгелектің көп бөлігі баланың аузында болуға тиіс.              Сәби кеудеге дұрыс жатса, емізген кезде ауырсыну байқалмайды.

Нәтижелі сору белгілері:                                                                                                            • бала емшекті бірқалыпты әрі баяу сорады;
• баланың жұтып жатқан әрекетін көзбен көріп, естуге болады;
• сорған кезде баланың беті томпаяды (тартылып тұрған жоқ);
• бала тойған кезде емшекті аузынан шығарып тастайды.

Баланы кеудеге дұрыс жатқызбаудың салдарлары:
• емшектің ауыруы және үрпінің зақымдануы;
• сүт толық сорылып бітпейді, емшек толып қалады;                                                              • сүттің шығуы азаяды;
• бала тоймайды, мазасызданады, салмақ қоспайды.

Бөлісу97Твит61
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1723 бөлісу
    Бөлісу 689 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1423 бөлісу
    Бөлісу 569 Твит 356
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1105 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    986 бөлісу
    Бөлісу 394 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    938 бөлісу
    Бөлісу 375 Твит 235
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    903 бөлісу
    Бөлісу 361 Твит 226
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    714 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1225 бөлісу
    Бөлісу 490 Твит 306
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.