Алты айдан асқан сәбилерге беруге болатын тағамдар тізімі
Балаға тамақ берген кезде жұмсақ, ботқа тәрізді тағамнан бастап, біртебірте қатты тағамға көшу қажет. Пайдалы тамақ неғұрлым алуан түрлі болса, баланың диетасы да соғұрлым теңгерімді әрі сіңімді болады.
Алғашқы алты айда тек емшек ему сәбилердң диарея мен басқа да инфекциялардан қорғайды. Алты айға толғаннан кейін балаға емшек сүтіне қосымша түрлі тағамдар мен сусын беру қажет. Олар баланы оның өсуі мен дамуына қажетті энергиямен, белокпен, витаминдермен және басқа бағалы компоненттермен қамтамасыз етеді. Егер балаға жұмсақ, жартылай қатты немесе қатты тамақты тым кеш берсе, бала қажетті компоненттерді ала алмайды. Бұл баланың өсуі мен дамуын тежеуі мүмкін деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Алты айдан асқан сәбилерге беруге болатын тағамдар:
- Дәнді дақылдарды (күріш, бидай, жүгері, шикі сөк), тамыр жемістерді (картоп) және крахмалы бар жемістерді (банан) қосқанда негізгі тағам өнімдері;
- Ет, құс, балық, бауыр және жұмыртқа секілді ақуызы көп тағамдар (барынша жиі беруге болады);
- Сыр, йогурт, ірімшік және құрғақ сүт секілді (басқа тағамдармен араластыруға болатын, мысалы, ботқа) сүт тағамдары; Бұл - баланы алты ай толғаннан кейін емшек сүтіне қосымша тамақтандыру үшін жақсы таңдау.
- Жасыл жапырақты және шпинат, брокколи, сәбіз, асқабақ және тәтті картоп секілді қызғылт жемістер (витаминдері бар);
- Бұршақ тектес – бұршақ, жасымық, үрме бұршақ (тағам түрлерін көбейту және ақуыздың, энергия мен темірдің болуын қамтамасыз ету үшін);
- Майдың түрлері (сары май, маргарин).
- Арахис пастасын, қоса алғанда, шекілдеуіктер/дәндер, жаңғақ пасталары мен асқабақтың, күнбағыстың, қарбыз немесе күнжіттің өскен дәндері (энергия үшін және витамин ретінде).