Белсіздікті емдеудің бірден-бір тәсілі халықтық емдеу жолдары болып табылады.
Белсіздікті емдеудің бірден-бір тәсілі халықтық емдеу жолдары болып табылады. Мұндай емдеудің де түрлерін KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.
Жалбыз, жоңышқа шайқурай және қалақай шөптерінен дайындалған шай белсіздікті жоюға жақсы көмектеседі. Ол үшін осы шөптердің әрқайсысынан 5шай қасықтан алып, оған 1литр қайнаған су құяды. Сосын оны 20минут термосқа құйып қою қажет. Осы уақыт өткеннен кейін тұнбаны суытып, 1стақаннан күніне 3-4рет ішуге болады. Қалақай мен жалбызды мүмкіндігінше ылғалды жерден, ал шайқурай мен жоңышқаны кебу жерлерден жұлып алған дұрыс.
Жарты литр жүзім шарабына 5ас қасық қалақай ұрығын салып, 5минут қайнату керек. Сосын 30минут тұндырып қоясыз. Мұндай дәрілік шарапты ұйықтардан алдын 50мл ішуге болады.
Ең алдымен самырсын жаңғағының дәнін ұнтақтап аласыз. Сосын бір ыдысқа су құйы, түсі ағарғанша ұнтақты салып отырасыз. Мұндай жаңғақ сусынын күніне 3рет, 100мл-ден тамақтан 20минут алдын ішу қажет.
Грек жаңғағы: Белсіздіктен арылу үшін күніне 1стақан грек жаңғағының дәнін ешкі сүтімен ішу қажет. Күндізгі уақытта 2стақан сүт ішуге болады. Емделу уақыты-ай қарайды. Ал, бір ай емделгеннен кейін араға 10-15күн салып, емді қайта жалғастыруға мүмкіндік бар.
Сәбіз шырыны: Жаңадан сығылған сәбіз шырынына бірдей мөлшерде бал салып, араластырады.
Содан соң оны күніне 3рет, 1/4стақаннан ішіп отырса, белсіздікке қарсы күреседі екен. Сондай-ақ, мұндай дәрі ас қортуды да жақсартатын қасиетке ие.
Келесі мақала