Маңдайдағы қыртыс әжімнен арылудың тәсілі
Шалқадан жатады да, самайды 5-6секунд басып тұрады. Осы кезде сұқ саусақты қастың иініне қояды да көзді қатты ашып бірнеше секунд ұстап тұрады.
Ойы мен ішкі сезімдерін бет әлпеті арқылы білдіретін сезімтал жандарда маңдайда және екі қастың ортасында тігінен және көлденеңінен әжім ерте жастан бастан-ақ түседі. Мұнымен дер кезінде күреспесе кейін арылу қиынға соғады. KYN.KZ сайты назарларыңызға маңдайдағы қыртыс әжімнен тез арылудың жолдарын ұсынады. Маска: Бірнеше балғын құлпынайды езіп, оған 1шай қасық өсімдік майын, 1шай қасық бал мен түймедақ қайнатпасын қосады. Масканы бетке жағып, 20минуттан соң мақта тампонын сүтке батырып сүртеді. Маска: 1ас қасық ірімшікке, 2ас қасық қаймақ және бір шымшым тұз қосып араластырады. Қоймалжың бетке 10-15минут тұрған соң салқын сүтше немесе тоникпен терідегі масканы тазалайды. Маска: 1жұмыртқа, 1шай қасық өсімдік майы, 2шай қасық қою қара шай, бірнеше тамшы лимон шырынын араластырады. 15минуттан кейін масканы жылы сумен жуып тастайды. Қайнатпа: 1ас қасық зығыр дәніне 100-150гр су құйып, 15минут қайнатады. Сүзгіден өткізіп, қайнатпаға 1ас қасық өсімдік майын тамызады. 20-25минут тұрған соң жылы қайнатпамен бетті жуады. Жаттығу: Сұқ саусақты маңдайдағы әжімнің үстіне қойып, қатты басады. Ал аты жоқ саусақты кеңірсектің үстіне қойып қос саусақты қимылдатады. Уқалау барысында бұлшықеттерді жиырып барып, жаттығуды жасау қажет. Бірнеше секундтан соң теріні бастапқы қалыпқа келтіреді. Жаттығу : Шалқадан жатады да, самайды 5-6секунд басып тұрады. Осы кезде сұқ саусақты қастың иініне қояды да көзді қатты ашып бірнеше секунд ұстап тұрады. Жаттығуды таңертең және ұйқы алдында 20рет қайталайды.