Басты жаңалықтар

1 жас 1 айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

1 жас 1айда бала кітаптің беттерін өз бетімен аудара алады, сондықтан осы кезеңде балаға қажетсіз қағаздар мен газеттерді пайдалануға беріңіз, оларды рахаттанып ойнасын. Бұл саусақтардың моторикасын дамытады.

KYN.KZ

 cайты 1 жас 1айлық баланың бойындағы жаңа қылықтары мен физикалық, психологиялық, қимыл-қозғалысы, денсаулық жағдайы,тамақтануы туралы негізгі және ең керекті ақпараттарды назарларыңызға ұсынады.Сондай-ақ, сіз мұнда ата-аналар үшін кеңестер таба аласыз. 1 жас 1айлық баланың физикалық дамуы: Ұлдардың салмағы: 8,7-11 кг, қыздардың салмағы-8-10, 2 кг. Бойы: Ұлдарда — 73,5-78,4, қыздарда— 8 71,6-76,8 бұл жаста баланың алдыңғы  8 тістері болуы керек. 1 жас 1айлық бала не істей алады? Бала эмоцияларды танып, оларды айналасындағыларға толық көрсете алады. Сіз одан көңіл-күйдің барлық спектрін көресіз: махаббат, тәуелсіздік, қорқыныш, ашулану, қыңыр. Оны заттардың атаулары қызықтырады,бірнеше ондаған рет олардың атауларын қайталауға, сондай-ақ баланың сұрақ дыбыстарына толық жауап беруге тура келетініне дайын болыңыз. Осы жастағы балалардың көпшілігі жүре алады. Сондай-ақ жүгіре алатын балалар да кездеседі, бірақ егер сіздің балаңыз әлі жүре білмесе, онда дабыл қағудың қажеті жоқ, оған әлі бірнеше ай бар. Балалар үстелге  өздері отыруға талпыныс жасайды. Сондай-ақ, бала доппен ойнап, пирамида жасай алады. Ол қандай да бір заттарды итеріп немесе өзіне тарта алады, қарапайым өтініштерді орындай алады, мысалы, бірдеңелерді әкеледі. Интеллект және әлеуметтік дағдылары Бұл жастағы баланың сөзі белсенді дамиды, бірақ сөздері қайталанатын сөздерден тұрады: "ана", "әке", "ата", "баба", "бер". Бала "иә" немесе "на" деген сөздерді айта алады, Жануарлардың дауыстарын ұқсата алады: "му", "гав", "мяу". Бала ойнай отырып, өздерімен сөйлесе алады, дауыс көтеріп, интонацияны өзгерте алады. Бұл жастағы балаларға бәрі жалпы көрінеді. Мысалы, барлық дөңгелек заттарды доп ретінде қабылдайды, ал барлық жануарлар оларға мысық немесе ит ретінде қабылданады. Тамаққа қатысты барлық нәрсе "ням-ням" деп аталады, ал оған арналған барлық қозғалатын заттар – "би-бип". Бұл жастағы бала ата-анасына өте қатты байланған уақыты, бірақ бұл уақытта баланы  басқа балалармен жақындастыруды бастау керек Тамақтануы: Бір жастағы сәби рационының негізгі құрамдас бөлігі-сүт өнімдерінің алуан түрлілігі. Емшекпен еметін баланың тамақтану мәзіріне қаймақ, ірімшік, айран, табиғи йогурт қосуға болады. Балалар ағзасына витаминдерді молайту үшін  жаңа піскен көкөністер мен жемістер беруге болады. Сондай-ақ баланың тамақтану мәзіріне бұқтырылған көкөністер және басқа да көкөністерден жасалған тағамдар беру ұсынылады. Көкөніс салаттары балалар ағзасына пайдалы. Оларды пісірілген картоптан, сәбіз, қызылша немесе ботқадан дайындауға болады. Бала мәзіріне ет қосуға уақыт келді. Жақсы пісірілген етнен паштет, бу котлеттерін пісіріп беруге болады. Ет өнімдерімен баланы түскі аста тамақтандырған  жақсы. Ата-аналар арнайы ойындар мен жаттығуларды қолдана отырып, баланың ұсақ моторикасын дамытуға көбірек көңіл бөлуі тиіс. Ата-аналар балаға кішкентай текшелермен ойнауды, сондай-ақ оны қарындашпен немесе фломастермен бояуды үйрете аласыз. Осы жаста балалар ата-аналардың мінез-құлқын қайталауға бейім. Сондықтан сіз мұны қолданыңыз, балаға машинкамен дұрыс ойнауды, заттарды қораптарға салуды көрсетіңіз, немесе шағын моншақтарды бірге жинаңыздар. 1жас 1айда бала кітаптің беттерін өз бетімен аудара алады, сондықтан осы кезеңде балаға қажетсіз қағаздар мен газеттерді пайдалануға беріңіз, оларды рахаттанып ойнасын. Бұл саусақтардың моторикасын дамытады. Ұйқы Толыққанды ұйқы, баланың дұрыс жетілуіне оң әсерін береді. Бала тәулігіне 13,5-14 сағат ұйықтау керек, 2 сағат күндізгі ұйқыға, қалған бөлігін түнде ұйықтайды. Ұйқыға дайындалуды ұйқыға дейін бір сағат бұрын бастау керек, массаж жасап, кітап оқып. Бала осылайша күн сайынғы тәртіпке үйреніп,21:00-де ол ұйықтауы керек. Тұрақтылық баланың психологиялық жағдайы мен толыққанды дамуына қолайлы әсер етеді.