Жалбыз шөбінің косметологиядағы пайдасы
Жалбыз тұнбасы қосылған жылы булау шаршауды басады. 5 ас қасық жалбызды 1 литр қайнаған суға демдеп, кейін оны сүзгіден өткізіп ванна толы жылы суға араластырыңыз.
Жалбыз шөбі хош иісті, көп жылдық шөп тектес өсімдік, құрамында эфир майы, жалбыз спирті (ментол), ментон және жұмсартқыш заттар бар. Нақ осы 3,5% эфир майы зарарсыздандыратын және антисептикалық қасиетке ие. Жалбыз шөбі косметологияда кеңінен қолданылады деп хабарлайды KYN.KZ Мәселен, таңертең бетті құбыр суымен жуғаннан гөрі жалбыздан дайындалған лосьонмен сүрткен әлдеқайда пайдалырақ. Жалбыз шөбінен тез әрі оңай дайындалатын лосьондар: Жарты стақан қүрғақ жалбыз шөбінің үстіне толтыра қайнаған су құйыңыз да, бетін жауып 1суткаға қойып қойыңыз. Ертесіне тұнбаны сүзгіден өткізіп, оған 1ас қасық глицерин араластырыңыз. Жалбыз тұнбасынан мұзды текшелер жасап, бетті сонымен сүртуге болады. Ол үшін 1стакан қайнаған суға 1ас қасық кептірілген жалбыз салыңыз. Біраз уақыт қайнатқан соң оттан алып, суытып сүзгден өткізіңіз. Содан соң қайнатпаны мұз қатыратын қалыптарға қойып, мұздатқышқа қоюыңызға болады. Мұндай мұзбен бетті таңертең сүрткен дұрыс, ол бет терісін ятазалап, зарарсыздандырады, серпімділігін арттырады. Әжім торлаған бос теріге арналған лосьон: Кепкен жалбыз жапырағы, шайшөп, түймедақ гүлі және жөке гүлі- барлығын 1шай қасықтан араластырып, оның үстіне 2стақан қайнаған су құямыз. 2-3сағаттан соң әбден демделген сұйықтықты сүзіп аламыз да, оған тағы 2ас қасық арақ араластырамыз. Бұл лосьонды кешкі мезгілде қолданған жөн және артынан крем жағуды ұмытпаңыз. Тағы бір пайдалы лосьон былай дайындалады: 10г түймедақ гүлі, жалбыз, 10г 3%бор қышқылы, барлығын 0,5 литр жүзім шарабымен араластырып, бірнеше күнге тұндырып қояды. Артынан сүзгіден өткізсеңіз, лосьон дайын болады. Майлы теріге арналған лосьон: 0,5 литр суға 2ас қасық жалбыз салып баяу отта 5-10минут қайнатыңыз. Суыған соң оны сүзіп, сұйығына 4шай қасық сірке суы немесе лимон сөлін қосыңыз. Дайын лосьонмен бетіңізді өзіңізге ыңғайлы кез-келген уақытта сүрте бересіз. Құрғақ теріге арналған маска. Ұнтақталған жалбыз жапырақтарына 1:3қатынасында мөлшерлеп қайнаған су куйып, тағы да 2-3минут қайнатыңыз. Аздап суытып алыңыз. Сосын жылы күйдегі ботқа сияқты қоймалжыңды қалыңдау матаның не бірнеше қабатталып бүктелген дәкенің арасына салып бетіңіге қойып жатыңыз. 15-20 минуттан соң алып, бетіңізді жылы сумен шайыңыз. Майлы теріге арналған маска: 1ас қасық жалбызды 0,5 стакан суға қайнатып сүзіңіз. Осы қайнатпадан 1ас қасығын алыңыз да, оған 1жұмыртқаның ақуызын қосып жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бетіңізге 3-4қайтара жағыңыз. Әр жаққаннан соң кептіріп барып келесі қабатын кепкен соң бетіңізді жылы сумен жуып, масканы кетіріңіз. Барлық теріге арналған рең беретін маска: 1шай қасықтан жалбыз, сәлден шөптерін, түймедақ және жөке гүлін, аскөкті араластырыңыз. Оны азғантай қайнаған суға демдеп, сүземіз. Бөлінген шөгіндіні бетке қалыңдау етіп жағамыз да, сыртынан сұйық тұнбаға батырылған дәкемен немесе салфеткамен жабасыз. Хош иісті шөбі сізге бұданда өзге көп көмек көрсете алады. Мысалы, жалбыз тұнбасы қосылған жылы булау шаршауды басады. 5ас қасық жалбызды 1литр қайнаған суға демдеп, кейін оны сүзгіден өткізіп ванна толы жылы суға араластырыңыз.