Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Жалбыз шөбінің косметологиядағы пайдасы

Жалбыз тұнбасы қосылған жылы булау шаршауды басады. 5 ас қасық жалбызды 1 литр қайнаған суға демдеп, кейін оны сүзгіден өткізіп ванна толы жылы суға араластырыңыз.

20.01.2020
0
Жалбыз шөбінің косметологиядағы пайдасы

Жалбыз шөбі хош иісті, көп жылдық шөп тектес өсімдік, құрамында эфир майы, жалбыз спирті (ментол), ментон және жұмсартқыш заттар бар. Нақ осы 3,5% эфир майы зарарсыздандыратын және антисептикалық қасиетке ие. Жалбыз шөбі косметологияда кеңінен қолданылады деп хабарлайды KYN.KZ

Мәселен, таңертең бетті құбыр суымен жуғаннан гөрі жалбыздан дайындалған лосьонмен сүрткен әлдеқайда пайдалырақ.
Жалбыз шөбінен тез әрі оңай дайындалатын лосьондар:

Жарты стақан қүрғақ жалбыз шөбінің үстіне толтыра қайнаған су құйыңыз да, бетін жауып 1суткаға қойып қойыңыз. Ертесіне тұнбаны сүзгіден өткізіп, оған 1ас қасық глицерин араластырыңыз.

Жалбыз тұнбасынан мұзды текшелер жасап, бетті сонымен сүртуге болады. Ол үшін 1стакан қайнаған суға 1ас қасық кептірілген жалбыз салыңыз. Біраз уақыт қайнатқан соң оттан алып, суытып сүзгден өткізіңіз. Содан соң қайнатпаны мұз қатыратын қалыптарға қойып, мұздатқышқа қоюыңызға болады. Мұндай мұзбен бетті таңертең сүрткен дұрыс, ол бет терісін ятазалап, зарарсыздандырады, серпімділігін арттырады.
Әжім торлаған бос теріге арналған лосьон:

Кепкен жалбыз жапырағы, шайшөп, түймедақ гүлі және жөке гүлі- барлығын 1шай қасықтан араластырып, оның үстіне 2стақан қайнаған су құямыз. 2-3сағаттан соң әбден демделген сұйықтықты сүзіп аламыз да, оған тағы 2ас қасық арақ араластырамыз. Бұл лосьонды кешкі мезгілде қолданған жөн және артынан крем жағуды ұмытпаңыз.

Тағы бір пайдалы лосьон былай дайындалады: 10г түймедақ гүлі, жалбыз, 10г 3%бор қышқылы, барлығын 0,5 литр жүзім шарабымен араластырып, бірнеше күнге тұндырып қояды. Артынан сүзгіден өткізсеңіз, лосьон дайын болады.

Майлы теріге арналған лосьон:
0,5 литр суға 2ас қасық жалбыз салып баяу отта 5-10минут қайнатыңыз. Суыған соң оны сүзіп, сұйығына 4шай қасық сірке суы немесе лимон сөлін қосыңыз. Дайын лосьонмен бетіңізді өзіңізге ыңғайлы кез-келген уақытта сүрте бересіз.

Құрғақ теріге арналған маска.
Ұнтақталған жалбыз жапырақтарына 1:3қатынасында мөлшерлеп қайнаған су куйып, тағы да 2-3минут қайнатыңыз. Аздап суытып алыңыз. Сосын жылы күйдегі ботқа сияқты қоймалжыңды қалыңдау матаның не бірнеше қабатталып бүктелген дәкенің арасына салып бетіңіге қойып жатыңыз. 15-20 минуттан соң алып, бетіңізді жылы сумен шайыңыз.

Майлы теріге арналған маска:
1ас қасық жалбызды 0,5 стакан суға қайнатып сүзіңіз. Осы қайнатпадан 1ас қасығын алыңыз да, оған 1жұмыртқаның ақуызын қосып жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бетіңізге 3-4қайтара жағыңыз. Әр жаққаннан соң кептіріп барып келесі қабатын кепкен соң бетіңізді жылы сумен жуып, масканы кетіріңіз.

Барлық теріге арналған рең беретін маска:
1шай қасықтан жалбыз, сәлден шөптерін, түймедақ және жөке гүлін, аскөкті араластырыңыз. Оны азғантай қайнаған суға демдеп, сүземіз. Бөлінген шөгіндіні бетке қалыңдау етіп жағамыз да, сыртынан сұйық тұнбаға батырылған дәкемен немесе салфеткамен жабасыз.

Хош иісті шөбі сізге бұданда өзге көп көмек көрсете алады. Мысалы, жалбыз тұнбасы қосылған жылы булау шаршауды басады. 5ас қасық жалбызды 1литр қайнаған суға демдеп, кейін оны сүзгіден өткізіп ванна толы жылы суға араластырыңыз.

Бөлісу24Твит15
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.