Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жүкті әйелдерге какаоның пайдасы мен зияны

Жүкті әйелдерге какаоның пайдасы мен зияны
ашық дереккөз
 Жүктілік кезеңі - әрбір әйелдің өміріндегі ерекше маңызды әрі есте қаларлықтай керемет кезең. Бұл кезде өзінің де, құрсақтағы шарананың да денсаулығын нығайту, қажетті дәрумендермен қамтамасыз ету, өмірге дені сау бала әкелу міндеті болашақ анаға жүктеледі. Бұл міндет құнарлы әрі пайдалы тағам түрлерін дұрыс тұтыну, таза ауада серуендеу, жағымды нәрселерге жақын жүру сияқты әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Құрсақта жатқанда анасынан алған құнар балаға дүние есігін ашқаннан кейін де негізі нәр болмақ. Ал жүкті кезінде ережелерді дұрыс сақтаған келіншектің босанғаннан кейін аяқ-қолын жинап, бойын тіктеу, денсаулығын қайта қалпына келтіру оңай болады. Тамақтану мәселесіне келгенде тек ас тағамға ғана емес, ішетін сусындарға да назар аудару керек. Алдымен қай сусынның қандай пайдасы бар, зиянды жақтары қайсы, қанша мөлшерде ішу керек деген сияқты сұрақтарға жауап іздеген дұрыс. Пайдалы-зиянды жақтарын анықтап, қабылдау мөлшерін белгілеуді KYN.KZ сайты қазіргі таңда кең тараған какаодан бастайды. Какаоның пайдасы: Шай мен кофеге қарағанда какао құрамында кофеин аз болады. Сондықтан оның жүкті әйелге зиян келтіру үлесі аздау. Бұған қоса, бұл сусын құрамында теофиллин қан тамырларын кеңейту, жүйке жүйесінің қызметін арттырады. Ал фенлэтиламиннің көңіл-күйді көтеріп, эмоцияны тұрақтандыратын қасиеті бар. Сондықтан, ол көңіл-күйдің көтеріңкі болуына, күйзелістен оңай шығуға ықпал ете алады. Сонымен қатар какао өсімдік ақуызы, пайдалы майлар, ас талшықтары, көмірсу, органикалық қышқылдарға бай тағамдардың қатарына жатады. Оның құрамында "А", Е, РР және В тобының витаминдері де жеткілікті. Какаодағы натрий, фосфор, мырыш, мыс, темір, калий, магний, т.б микроэлементтер де ағза үшін пайдалы. Мәселен мырыш жараның тез жазылуына жағдай жасайды. Фосфор тірек-қимыл жүйесі, сүйек тіндерінің қалыптасуына қызмет етеді. Какаоның зияны: Какао қан қысымын көтереді. Егер сіздің қан қысымыңыз төмен болса, сіз үшін ол пайдалы деп айтуға болады, еш алаңдамай іше беріңіз. Ал қан қысымы жоғары жандарға әңгіме басқа. Оларға какао ішудің тіпті де қажеті жоқ, шектеу қоюға тура келеді. Сондай-ақ, какаоның зиянды тұстары оның қабылдану мөлшеріне және сапасына тікелей қатысты. Өкінішке орай бүгінгі таңда сатылымнан сапалы какаоны табу қиынның қиыны. Көпшілігінің сапасы төмен, пестицидтерден өңделген. Өңдеу, даярлау жұмыстары ережеге сәйкес жағдайда жасалмаса, какао өзінің пайдалы қасиеттерін жоятыны анық. Дайын какао өнімнің құрамындағы сақталу мерзімін ұзарту, қосымша дәм беру мақсатында қосылған қоспаларлың да зиянды жақтары болуы мүмкін. Мысалы, аллергиялық реакция осыдан туындайды. Сондықтан какао сатып аларда оның сыртқы түріне және өндіруші фирмасына назар аударыңыз. Сапалы өнімді қалай таңдау керек? Жоғарыда айтып өткеніміздей, какао ұнтағын сатып алмас бұрын оның сыртқы түріне, исіне мән беріңіз. Егер онда ұнтақтардың бірігіп қалған түйіршіктері бар болса, бұл какаоның дұрыс сақталмағаны немесе жарамдылық мерзімінен асып кеткендігінен хабар береді. Негізінде ең сапалы какао ұнтағын жасау технологиясы Голлондиялықтардың тезнологиясы екенін есте сақтаңыз. Мұндай сапалы какаоны таба алмаймын, бірақ оны ішуден бас тартпаймын десеңіз, аптасына 2-3стақанмен ғана шектелгеніңіз жөн. Дәрігердің кеңесі: Аяғы ауыр әйелдердің сусындар қатарынан какаоны сызып тастаған абзал. Оның бірнеше өзіндік себептері бар. Біріншіден, жүктілік кезінде әйелдердің сезімталдығы артады, ағзасы әлсірейді. Мұндай жағдайда какао ғана емес, басқа да әртүрлі қоспалар, пестицидтер қосылған сусындар мен тағамдарды тұтыну аллергия тудырады. Сондықтан тек табиғи өнімдерді тұтынуға кеңес беріледі. Екіншіден, какао ағзадан кальцийді шығарады. Өздеріңіге аян, кальций анаағада, балағада аса қажет. Оны ағзадан шығаруды емес, ағзаны адан әрі кальцимен байыта түсудің жодарын қарастырған жөн. Үшіншіден, какаоның тағамдық құндылығы өте жоғары. Оны жиі ішу жүктілік кезінде біршама ыңғайсыздықтар тудыратын артық салмақтың қосылуына әкеліп соқтырады. Сүйікті какаодан гөрі өзіңіз бен болашақ ұрпақтың денсаулығы маңыздырақ. Сондықтан онымен тым болмаса 1жыл уақытта қош айтысуға тура келеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар