Үсік шалу: Халықтық ем
Үсіген теріні жануардың майымен де емдеген.
Сақырлаған сары аяз биылғы жылы тосын мінезін көрсетіп отыр. Қақаған суықтан сақтанбаса, үсік шалудан қатар адам өмірін жалмауы да мүмкін. Енді осы суықта абайсызда үсік шалғанда халықтық емде қалай алғашқы көмек көрсетуге болады? Осы сауалға KYN.KZ сайты жауап береді. Үсік шалған немесе күйген теріге үккіштен өткен балғын пияз ботқасы пайдалы. Бұл қабыну процесін тоқтатады, ауырсынуды басады және терінің тітіркенуінен азайтады. Жаураған кезде қол қатты қызарып кетсе, қолды бірнеше рет картоп суы салынған жылы суда ұстайды. Егер бет терісі суыққа үсісе, картоппен комресс жасайды. Қайнатылған картопты жылы күйінде езеді де ботқа жасайды. Оны дәке не матаның арасына салып, зақымдалған теріге басады. Компресс теріде суығанша тұрады. Садан кейін суға лимон шырынын араластырып, оған матаны малып, сонымен теріні сүртеді. Үсіген теріні жануардың майымен де емдеген. Оған қаз немесе қоянның майын жағады. Майға өзге де қоспаларды қоса аласыз. Мәселен, қаздың майына үккіштен өткен шомырды (репа) араластырады да, қоспаны зақымдалған теріге күніне бірнеше рет жағады. 1 ас қасық жұмыршақты 1 стақан қайнаған сумен араластырады. Бетін жақсылап бекітіп, монша суында жарты сағат ұстайды. Салқындатып, сүзеді. Қайнатпа екі тәулік тұрған соң, оған салфетканы батырады. Үсіген жерге салфетканы тәулігіне 3-4рет 30минуттан үсіген орынға компресс жасайды. Емдік шара: 10-12күн.