Қара нанның емдік қасиеті
Қара нан мен түйежапырақ (лопух) тамырынан тұнба дайындайындап шашты емдеуге болады.
Қара бидай наны әрқашан сұранысқа ие. Қара бидай әрқашан жақсы өнім береді, және бағасы да жоғары емес. Қара нанның пайдасы жайында көп айтылады. Дегенмен оның қандай дертке қалай пайдалануға болатындығын KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады. Тері ауыруларында: 4-5жалбыз жапырағын алып, ағаш ыдыста езеді де, сүзгіден өткізеді. Дайын қоспаны қара нан мен араластырады да, майланған зығыр матаның арасына салып, қараңғы әрі салқын жерге қояды. Таңертең нанның жұмсағын 3 бөлікке бөледі. Бірінші бөлікті таза сумен араластырып, сұйық ботқа жасайды да, 1ас қасық бал қосады. Оны енді теріге жағады. Кепкенше 1,5-2сағат ұстайды да, жуып тастайды. Екіншісі бөлікті сумен және 1шай қасық сүйелшөп шырынымен араластырады, емді жоғарыдағыдай қайталайды. Ал үшінші бөлігіне түймедақ майы және аз мөлшердегі су қосады. Мұны да тері зақымдалған жерге жағады. Соңынан теріні түймедақ қайнатпамымен жуады. Шашты емдеуде : Түйежапырақ (лопух) тамырынан тұнба дайындайды. 2ас қасық түйежарырақтың ұнтақталған тамырын 1 стақан қайнаған сумен демдейді. Тұнба термоста түні бойы тұрады. Жарты қара нанды жұмыртқаның сарыуызымен араластырады, үстіне жарты стақан ошаған мен түйежапырақ тұнбасын қосады. Барлығынан ботқа жасайды және оны шаш түбіне массаж жасай отырып жағады. Сыртынан орамалмен орап, 30-40 минут тұрған соң сусабынсыз жуады. Артынан түймедақ тұнбасымен шаяды. Емдік шараны аптасына 2 рет, бір ай бойы жасайды. Асқазан мен ішек дертіне мынадай дәрмек дайындайды. 1нанның жұмсағын 2шай қасық гүл тозаңы мен 1ас қасық жөке болымен араластырады. Енді қораптағы лавр жапырағының жартысына су куйып, 5минут қайнатады. 3 ас қасық жолжелкен дәнінің ұнтағына лавр қайнатпасын қосады. Суытып, үстіне наннан жасалған қоспаны араластырып, одан бұршақтың дәні секілді үлкен көлемді пішім жасайды. Қоспаны сазды ыдысқа салып, кептіреді. Дәрмектен 2 данадан күніне 5 рет қабылдайды. Емдік курс - 9 күн. Арада бір апта демалыс жасап, емді қайта жалғастырады. Ем кезінде ет жемеген дұрыс.