Басты жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі тағайындалды

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Түркістан өңірінің активіне облыс әкімін таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беретін, ал Оңтүстік Қазақстан облысының атауын Түркістан облысы деп өзгертетін жарлыққа қол қойған еді. Бұл лауазымға бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Жансейіт Түймебаев тағайындалды. Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 1958 жылы дүниеге келген. Түркістан облысының әкімі Шымкенттегі шопандардың балаларына арналған мектеп-интернатында білім алған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті болып бастаған. Түрлі лауазым қызметтерді атқарған ол 2007-2010 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрі болған. 2016 жылдың қазан айынан осы күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысын басқарды. Ал оған дейін Қазақстанның Түркия еліндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды