Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Омыртқа жарығын емдеу: Халықтық ем

21.01.2020
0
Омыртқа жарығын емдеу: Халықтық ем

Арқа омыртқасындағы жарықты (грыжа) кетірудің жолдары өте көп. Массаж жасау арқылы, түрлі жаттығулармен. KYN.KZ  сайты  омыртұа жарығын халықтық емдеу жолдарымен емделудің жолдарын назарларыңызға ұсынады.

Омыртқа жарығын емдеуде кең тараған әрі әсері күшті ем-жылқы майымен комресс жасау болып табылады. Полиэтиленді пакетке майды жұқалап жағып, оның бетін таза матамен жауып, ауырған омыртқаның үстінен қояды да, бұласарымен жапсырады. 1-2 сағаттан соң ауырсыну басылады. Алайда, комрессті 1тәулік бойы ұстау керек. 5 күндік емнен соң 2күн демалған жөн. Бұдан кейін тегіс әрі қатты төсекте бірнеше күн қимылдамай жатқан дұрыс. Басыңызды сәл биіктетіп, сегізкөз тұсына диаметрі 5-6см-дей болатын тығыз жастықша қойыңыз. Осы қалыпта қимылдамай 7-12 күн жатыңыз. Бұл кезде міндетті түрде көмекші керек болады. Себебі, ас ішкенде, т.б тіпті дәрет алғанда да қозғалуға болмайды.

2.Балмен және самырсын майымен емдеу. Бұл ем үшін бал, самырсын майымен қоса тау бальзамы қажет. Алдымен омыртқаны самырсын майымен сылап алады. Оның үстінен бал мен тау бальзамын араластырып жағады.(100г бал-1г тау бальзамы). Бірнеше уақыт алақанмен шапаттап массжасау керек. Бал теріге толық сіңуі керек. Осыдан соң «Ферналгон» жақпамайын жағып, арқаны тұмшалап орап қояды. Бұл емді 1ай бойы үзбей жүргізу қажет. Балмен массаж жасағаннан кейін мажыра тұнбасын жағып, жақсылап сіңдірсе, әсер арта түседі.
Мұжыра тұнбасын дайындау үшін: 10г-дай тамырын 1л 40% спиртке салып, 3 аптаға тұндырып қояды. Бұл тұнбаны арқаға жағуға да, тамақтану алдында 1ас қасығын 50мл сумен ішеді.

3. Омыртқа жарығын кәдуілгі сарымсақпен де емдеп біршама оң нәтижеге қол жеткізуге болпды. 300 г сарымсақты еттартқыштан өткізіп, үстінен 150г 40% спирт құйып, 10 күнге қараңғы жерге қойып қояды. Бұдан қоймалжың сұйықтық пайда болады. Оны ауырған омыртқа тұсына жағып, сыртынан қалыңдап жауып, таспамен орап тастау керек. 40-60 минуттай ұстаған соң орауды ашып, теріні құрғақ шүберекпен сүртіп, тазалайды. Бұл емдік тәсілді күнара жасау қажет. Немесе скипидар бұлауымен кезектестіріп қабылдайды. 10г балалар сабынын 1стақан қайнаған суға езіп, оған 100г 1пайыздық салицин спиртин, 1стақан скипидар араластырады. Араласпаның 3ас қасығын бұлау толы суға қосады. 37 градус суда кемі 10 минут, ең ұзағы 25 минут жатады. Алайда, бұл бұлауды қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіп, жүрек-тамыр жүйесінің жағдайын ескеру керек.

4. Тау бальзамы-адам ағзасындағы талшықтарды қалпына келтіруде теңдесі жоқ табиғи өнім болып табылады. Онымен омыртқа жарығын да емдеуге болады. Ол үшін алдымен омыртқаны қыздырғыш әсері бар самырсын майымен сылайды. Содан соң 1г тау бальзамын 1шай қасық жылы суға ерітіп, оны жылытылған балмен араластырады. Алынған қоспаны омыртқаның ауырған бөлігіне жағып, алақанмен шапаттап сіңдіреді. Ем 10 күннен 1айға дейін жалғасады.

5. Кептірілген көктікеннің 3-4 шай қасығын 600 мл қайнаған суда тұндырады. 1сағаттай тұрған соң оны сүзеді. Тұнбаны күніне 4-5 рет ішу керек.

6. Қалақай — бұл шөптен компресс жасалады. Оның жаңа жұлынған бес-алты жапырағын жақсылап жуып, ұсақтап турайды. 100г майлы қаймаққа араластырып, ауырған жерге жағады.

7. Омыртқа жарығы кезінде азық-түліктерден құрамында калий, фосфор, кальций заттектері мол өнімдерді тұтыну қосымша әсер береді. Күнделікті тағам құрамында бұршақ, орамжапырақ, сүзбе, грек жаңғағы, орман жаңғағы, қызылша, сәбіз молырақ болғаны жөн.

Бөлісу22Твит14
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.